• 27 ноября, 2024 4:56 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Автор:admin

Окт 16, 2023

   Биыл Солтүстік саяжай шағынауданы газбен қамтылады. Жұмыс барысын мегаполистің салаға жауапты мемлекеттік мекемелері бақылап қайтты. Бүгінде сығымдау жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта, жақын арада абоненттік газ реттегіш шкаф пункттері орнатылады. Ал құрылыс толық аяқталғанда 6 мыңға жуық абонент көгілдір отынмен қамтылады. Солтүстік саяжай шағынауданына биыл көгілдір отын беріледі. Ұзақ уақыт инфрақұрылымға қол жеткізе алмай келе жатқан аумаққа жақында су мен жарық жеткізілген еді. Жазда газға қосылатын елдімекен тұрғындары, енді шағынауданға сапалы жол салынса дейді. Зибагүл Қосуақ, Шымкент қаласының тұрғыны: «Біздің проблемамыз көп еді. Ол кезде біздің ауылымызда су, свет жоқ еді. Жолымыз әлі де проблема, әлі жолымыз жоқ. Әкімдіктен келіп, ауылды өз көздерімен көріп, содан кейін үкіметтің жарығы, суы келді. Қазір шүкір жақсы. Енді бізге ең керектісі – асфальт жол. Ауылымызда асфальт жол тұрмақ, топырақ жолмен отырғандар бар. Тіпті, тастақ жол жоқ».  Тұрғындар сонымен бірге, аймақта сапалы байланыс орнатуды, қоғамдық көлік бағытын реттеуді сұрайды. Ал жауаптылар шағынауданға жол міндетті түрде салынатынын айтады. Дегенмен, ол үшін алдымен өңірге инфрақұрылым желілері толық тартылуы тиіс. Мұхтар Қоқанбаев, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы: «Қазір енді инженерлік желілер тартылғаннан кейін асфальтта жұмысы жоспарға сәйкес міндетті түрде қараймыз.» Тұрғындармен кездесуге келген мегаполис басшысы шағынауданды табиғи газбен қамту барысын тексеріп, жиналғандардың талап-тілегін тыңдады. «Есеп беремін, сол есепте нақты уақытын айтамын. Қазір біраз жұмыс істейік. Бірақ, шілдеде жұмыс аяқталады ғой бәрі,  көзіміз жетіп отыр аяқталатынына. Мердігер істеп жатыр, шілдеде береміз» – деді Шымкент қаласы әкімінің салаға жауапты орынбасары. Қала әкімдігі жауаптыларға сапаны бақылап, жұмысты жылдамдату қажеттігін ескертті. Сондай-ақ газбен қамту жұмысын өндірістік кестеге сай аяқтауды тапсырды.

Автор: admin