• 24 ноября, 2024 11:08 дп

Шымкент қаласы Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасып жатыр.

Автор:admin

Окт 7, 2023

Бүгін басқарма басшысы Б.Булатбеков Қаратау ауданына қарасты Тассай елді мекеніне барып, құрылыс барысында анықталған мәселелерді реттеу мақсатында жиын өткізді. Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС. Аталаған серіктестік тарапынан құрылыс жұмысы өткен жылы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін 36 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыстардың 50 пайызға жуығы аяқталды деп жоспар жасалған.  Ал ішкі орамдық газ құбырын тарту жұмысы толығымен 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар Тассай елді мекені бүгінгі таңда сапалы ауыз сумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. Соныдай — ақ, кәріз жүйесімен қамту құрылысы да қатар жүргізіліп жатқаны тұрғындарды қуантып отыр. Яғни кәріз жүйесі Тассай елді мекенінде толық жүргізілімеген. Жалпы бүгінгі таңда кәріз жүйесінің жалпы ұзындығы 115,2 шақырымды құраса, бүгінде оның 66,3 шақырымы орнатылып, құрылыстың 62 пайызы аяқталды. Пайдалануға беру мерзімі келер жылға өтпелі.  Жалпы Шымкент қаласында 2021 жылы табиғи газбен қамту көрсеткіші 93,0 пайызға жетсе, 2022 жылы 94,7 пайызға ұлғайту жоспарлануда. Қорыта айтқанда негізінен қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында, 2021 — 2025 жылдары даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Шымкенттіктердің 93% көгілдір отынмен қамтылған. Жыл соңына дейін Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран (2 кезек) елді мекендері табиғи газ жүйесіне қосылады. Сонда тағы 34 мыңнан астам тұрғын сапалы газға қол жеткізген болады. Қазіргі кезде «ҚазТрансГазАйма» Шымкент Өндірістік Филиалымен (ШӨФ) бірлесіп жұмыс жасалуда. Бұл туралы қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков Батыс елді мекені тұрғындарымен кездесуі барысында айтып, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. “Барлық жұмысты 1 ай көлемінде немесе одан да тез мерзімде шешу үшін мүмкіндіктерді жан-жақты қарастырудамыз. Заң бәрімізге ортақ, құжаттарды рәсімдеу соған сәйкес жүргізіледі. Құрылыс барысында кеткен кемшіліктер ретке келтірілуде. Жыл соңында аяқталатын жұмыстар жоспарланған кестеге сай жүргенімен күн қараша айынан бастап суытады. Тұрғындарға көмір түсіру мәселесін жаздан бері айтып, түсіндіріп келеміз”,-деді басқарма басшысы. Батыс елді мекені бойынша 49 шақырым газ құбыры тартылып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді газға қосу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«ҚазТрансГазАймақ» ШӨФ абоненттеуді 10 күн аралығында бастайды. Басқа да елді мекендерді газбен қамту құрылысы рет-ретімен жүзеге асырылуда. Жалпы биыл 18 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ақтас және Сәуле магистралының құрылысы да аяқталуға жақын.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin