• 8 сентября, 2024 1:55 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ТҰРАНДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Автор:admin

Сен 5, 2023

     Егеменді еліміз отыз жылдық тарихын­да көптеген қиындықтар мен кедергілерді ең­серіп, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ елі әлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен бірегей ел екен­дігін дәлелдеді. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тар­мақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып ма­ңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуел­сіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған бас­ты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елі­нің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақ­стандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды. Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсе­тілген. Осы орайда Шымкент қаласының Тұран ауданында жаңа оқушылар сарайының құрылысы жүріп жатқанын тілге тиек етпекпіз. Бұл Қазақстанның даму үстінде екенідігінің айқын көрінісіне себепкер деп ойлаймыз. Себебі халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса мемлекеттің дамуына ерекше серпін бермек. Жалпы Шымкент қаласында 950-ден астам білім ұясы бар. Онда білім алатын оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс істейді. Жуырда ғана ашылған жаңа Оқушылар сарайы шәкірттерді қабылдап, 6 бағыт бойынша үйірмелер жұмысын бастап кетті. Шаһарда оқушылардың саламатты өмір салтын ұстанып, білімі мен шығармашылығын шыңдайтын тағы бір Оқушылар сарайының құрылысы сәуірді басталған болатын. Жалпы сыйымдылығы 500 орынды құрайтын  нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Ғимарат Тұран шағынауданында бой көтерді. Жаңа Оқушылар сарайы 3 қабаттан, 3 блоктан тұрады. Мұнда 7-18 жас аралығындағы оқушылар өз қарым-қабілетіне қарай үйірмелерге жазыла алады.  Жаңа нысанның жобасында  35 орынға арналған асхана және 81 көлікке көлік тұрағы қарастырылған. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 10 пайызға жуықғы орындалды. Нысанның құрылысын 2024 жылы аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin