• 21 ноября, 2024 10:20 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! ОНЛАЙН САУДАДАҒЫ АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМДЕР: АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫНА ТҮСІП ҚАЛМАҢЫЗ

Автор:admin

Ноя 3, 2024

Интернет алаяқтары халықты алдау үшін әртүрлі айла-тәсілдерді кеңінен қолдануда. Әсіресе Шымкент қаласының аға буын өкілдерін, қарттарын алдау жайттары бүгінде жиілеп кеткен болатын. Осы орайда шаһарымздың құқық қорғау органдары ескертеді! Елімізде жиі кездесіп жатқан алаяқтық әдістерінің қатарында банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде өздерін таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтерін иемдену әрекеттері бар. Алаяқтар, мысалы, SIM-карта мерзімін ұзартуды сылтауратып, жеке деректерді алып, сол арқылы бөтен атқа онлайн несие рәсімдейді.

Алаяқтықтың тағы бір түрі — алдын ала төлем жасау арқылы интернет саудасы кезінде жоқ тауарды сатуды көздейтін схемалар. Олардың негізгі нысандары — Kolesa.kz, OLX.kz, Krisha.kz секілді платформалар мен Instagram желісіндегі жалған дүкендер.

Алаяқтар азаматтарға тауарлық несиені төмен пайызбен ақшаға айналдыруды ұсыну арқылы да алдайды. Азаматтар өз атына рәсімделген тауарларды алаяқтарға беріп, алаяқтар тауарды сатып пайда көреді де, азаматтар қаржылық шығынға ұшырайды.

Сондай-ақ, WhatsApp арқылы сілтемелер тарату тәсілі де кеңінен таралған. Вирустық сілтемелер арқылы алаяқтар қолданушылардың аккаунттарын бұзып, жақындарынан ақша сұрайтын жалған хабарламалар жібереді. Тіпті туыстарыңыздың дауысын өзгертіп, жол апаты немесе құқық қорғау органдарымен байланысты мәселелерге ұшырады деп, мәселені шешу үшін ақша талап ету жағдайлары да кездесуде.

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз!

Цифрлық әлемде алаяқтар сан түрлі әдістермен қаражатыңызды жымқыртуда. Олар өзін банк немесе құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректеріңізді сұрауы мүмкін. Сондай-ақ, жалған инвестициялық жобалар мен интернет дүкендер арқылы алдын ала төлем жасауды ұсынып, алдайды.

Қорғану жолдары:

— Күдікті сілтемелер мен хабарламаларға жауап бермеңіз;

Жеке деректерді бөгде адамдармен бөліспеңіз;

— Тек тексерілген платформаларда ғана қаржы операцияларын жүргізіңіз;

Өзіңіздің қауіпсіздігіңізді сақтаңыз!

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin