• 25 ноября, 2024 2:29 дп

Шымкент қаласы: шалғай аймақтың халқын мемлекеттік желіге қосу жұмыстары жалғасын тапты

Автор:admin

Сен 17, 2023

Мегаполиске айналған шырайлы Шымкент қаласының шеткі аймақтарын мемлекеттік желілерге қосу жұмыстары жалғасын тауып келеді. Бүгінде шеткі аймақтарға сапалы электр мен қатар, табиғи газ, интернет, электр сымдарын жалғау кезек күттірмейтін мәселе екені баршамызға мәлім. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу үшін абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Батыс елдімекені тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды JSK.KZ. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді мемлекеттік желіге қосу үшін абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс кезінде 68,5 шақырым электр желісі тартылып, 34 трансформатор мен 2 мыңнан аса бағана орнатылды. Бұл өз кезегінде тариф құнын да төмендетіп отыр. Осыған дейін жергілікті тұрғындар бір текше метр үшін 25-30 теңге аралығында төлем жасаса, бұдан былай тариф құны 17,9 теңгеге дейін арзандайды. Бұдан бөлек, Абай ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары да жоспарға сай атқарылуда. Атап айтатын болсақ, өткен жылы Абай ауданындағы 160 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 12,5 пайызға жетті. Биылғы жылы осы көрсеткішті арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 54 көшеге жарықшам орнату жоспарлануда. Нәтижесінде аталған көрсетікш 13,6 пайызға жететін болады. Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 410-ға жететін болады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінің жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Нәтижесінде, 2024 жылы Тұран ауданы 100 пайыз сапалы электр қуатымен қамтылады. Ал, Шымкент қаласы Абай ауданындағы 27 елдімекеннің 25-і мемлекеттік электр жарығымен қамтылған. Яғни Абай ауданының 92,7 пайызы мемлекеттік электр жарығына қосылған. Сондай-ақ, Асар-2 шағын ауданының 70 пайызы, Қайнарбұлақ тұрғын алабының 24%-ы электр жарығымен қамтылған. Одан бөлек, Қайнарбұлақ тұрғын алабында да елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары жүргізілуде. Ауданда электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 68, 6 шақырымды құрайды. Бүгінде оның 40%-ы аяқталды. 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін жергілікті халық сапалы электр жарығын тұтынатын болады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin