Қазақстан 2050 стратегиясындағы алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап қатардағы азаматтарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен беделі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған аймақтардың құрылыс жұмыстарын қоғамды дамыту істерінің маңызы зор. Президенттің басты назарда ұстап отырған қалалардың өркендеуіне қолдау көрсету, қаланы ұлғайту, әлемдік деңгейдегі құрылыстарын қалыптарына (стандарттарына) сәйкес базасын құру, экологиялық таза өндіріс саласын дамыту мәселелерін де орынды көтерген. Сонымен қатар, жаңа ғасырдың әлемдік нарығының сұранысына лайықты жобалар кешенін дамыту сияқты жолдауда көтерілген өзекті жобалардың маңыздылығы жоғары шынымен ел шырайын келтіріп мекеннің гүлденуіне тірек болатын болашағы зор жобалар бар. Осы орайда Шымсити қаламызда салынып жатқан халықаралық деңгейдегі Конгрес-холлдың құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған. Бүгін Шымсити шағынауданынында бой көтерген заманауи мәдени орталықтың құрылыс барысын қадағалап көріп қайтқан болатынбыз. Осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын тексеріп, жауаптыларға орталықтың сапасы мен мүмкіндігін арттыруда бірқатар тапсырмалар жүктелген еді. Бүгінде құрылыс жұмыстарына 250 адам жұмылдырылған. Қазір мұнда әрлеу жұмыстары басталды. Конгресс-холл жаңаша, көп функциялы мәдени және ойын-сауық нысаны ретінде биыл қазанда пайдалануға беріледі. Мұнда халықаралық конгресстерді, форумдарды, мәжілістерді, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды және пленарлық отырыстарды өткізуге барлық жағдай жасалуда. Заманауи ғимарат екі блокқа бөлінген, үш қабаттан тұрады. Бірінші блокта мәдени көпшілік іс шараларға, спектакльдерге арналған кәсіби мультимедиялық жабдықтар орнатылған 2066 орындық көрермендер залы орналасқан. Сондай-ақ, 190 орындық конференц-зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет бар. Екінші және үшінші қабаттарда көркемдік және киім-кешек бөлмелері, сахнаға қызмет көрсету үшін техникалық бөлмелер де бірінші блокта қарастырылған. Ал екінші блокта қолөнершілер орталығы, қолөнер шеберлерінің шеберханалары, оның ішінде тоқу шеберханасы, керамикалық бұйымдар, ағаш, тері, киіз, зергерлік бұйымдар шеберханалары орналастырылған.
Jsk ақпарат