• 23 ноября, 2024 11:40 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ЫНТЫМАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №54 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Автор:admin

Сен 7, 2023

Қалада жаңа оқу жылы қарсаңында білім ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін қала басшылығы жауаптылармен бірге  Ынтымақ шағынауданындағы №54 жалпы білім беретін орта мектебінің жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Салынғанына 10 жыл болған ғимарат қолданысқа берілгелі енді күрделі жөндеуден өтуде. 900 орындық нысанның құрылысы маусым айында басталған. Осыған дейін құрылыс-монтаждау жұмыстарының 80 пайызы орындалған.  Өндірістік кестеге сай мектептің күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталып, пайдалануға беріледі.  Басшылық жауаптыларға құрылыс барысында ең алдымен сапаға басымдық беріп, оқушылар қауіпсізідгін қатаң ескеруді тапсырды.  Биылғы жоспарға сәйкес жалпы, қалада 9 білім ғимараты  күрделі жөндеуден өтеді. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талапқа сай жабдықталады. Болжамға сүйенсек, 2025 жылға қарай орын тапшылығы 500 мыңға жуық орынды құрайды. Бұл тек қана мектептерде. Аталған проблемаларды шешу үшін мектептер мемлекет және жекеменшік тарапынан салынатын болады. Атап айтқанда, 650 мыңнан астам орынға 800 жаңа мектепті мемлекеттік бюджет тарапынан және жеке инвестиция тарту арқылы салу жоспарланды. Оған 876 млрд теңге бөлінеді. Нәтижесінде 3 ауысымды мектептер мен орын тапшылығы шешіліп, апатты мектептердің саны азаймақ. Бүгінгі күні елімізде 1879 мектепте мүлдем спорт залы жоқ. Осыған орай оқушы саны 150-ден асатын барлық мектепте спорт зал салынады. Осы мақсатта 724 спорт залын салуға 80 млрд теңге бөлінді. Жаңа бағдарлама аясында барлық мектептерді физика, химия, биология пәндік кабинеттермен толық қамтамасыз етуге 100 млрд теңге, пәндік кабинеттерді компьютерлермен қамтуды 100 пайыз жеткізу үшін 50 млрд теңге тағы бөлініп отыр. Бұл мәселелердің жылдар бойы шешілмей келгенін атап өткім келеді және бұл шын мәнінде білім саласы үшін өте үлкен жақсы жаңалық

 

Jsk ақпарат,

Автор: admin