• 16 сентября, 2024 7:28 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ЫНТЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Автор:admin

Сен 6, 2023

Шырайлы Шымкент қаласы күн санап жаңа деңгейге шығып жатыр. Олай айтуымызғада себеп бар. Бастысы халықтың әл-ауқатын жақсартып қаламыздағы аудандардың мегаполиске сәйкес болуына ықпал жасалуы тиіс. Биылғы жоспарға сәйкес елдімекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы  құрылыс жұмыстары қала аумағында 6 нысанда жалғасуда.  Олар -Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле ш.а, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га. Жуырда Ынтымақ шағынауданында да  газдандыру құрылысы басталды. Бүгін жауапты мамандар елдімекенде болып, жұмыс барысын қадағалады. Мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС жұмысшылары мен техникалық қадағалаушылар жалпы жұмыстың  әзірге 10%-н атқарды.  Жоба бойынша газ құбырларының ұзындығы 76,42 шақырымды, газдың қуаттылығы  15 255,36 м3/сағ. Құрайды. Нысан толық пайдалануға берілгенде 4534 тұрғын үй табиғи газға қосылады.  Өдірістік кестеге сай газдандыру құрылысы келесі жылы аяқталып, елдімекен халқы орталықтандырылған желіге қосылады.   Сала басшылығы жауаптыларға газ құбырларын жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтап, жергілікті халықтың қолайсыздығын назарға алуды ескертті. Сондай-ақ қала аумағындағы өзге де нысандардағы газдандыру жұмыстарының сапасын, өндірістік кестеге сай атқарылуын қадағалауды тапсырды. Жалпы, Шымкенттегі 81 елді мекеннің 31-і табиғи газбен жартылай қамтылған. 8 елді мекенде газ жоқ. Тұрғындарды көгілдір отынмен қамту үшін қаладағы 15 нысанда құрылыс жүруде. Қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбековтың айтуынша, жыл соңына дейін тағы бірнеше нысанның құрылысы аяқталады. Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран 2, Сәуле елді мекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы биыл бітеді. Нәтижесінде 34 мыңнан астам тұрғын табиғи газды тұтына алады. Қазір қала тұрғындарының 93 пайызы табиғи газбен  қамтылған. Коммуналдық салада күрмеуі шешілмеген сауал көп. Оның кезең-кезеңімен жүзеге асатынынан халық та хабардар болу керек. Түйіні көп түйткілді салада атқарылар әрбір жұмыс ашық, әрі жариялы болғаны дұрыс.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin