• 23 ноября, 2024 8:29 пп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА 350 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН ЕМХАНА САЛЫНУДА

Автор:admin

Сен 6, 2023

Халықтың әлеуметтік мәселесіне назар аудару мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Әділін айтқанда, елімізде әр азаматтың тұрмыс-тіршілігі мен игілігі үшін тиісті бағдарламалар қабылданып, жұмыс жүйелі жүзеге асуда. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сын­дарлы қоғамдық диалог – Қа­зақ­­станның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында халықтың әлеу­меттік мәселесіне басым­дық берді. Жекелеген азаматтардың өтініш-тілектері мен талаптары міндетті түрде орындалатынын мәлімдеді. Ежелден бері адамдар өздері өмір сүріп жатқан қоғамның қалай дамып жатқаны және оны қалай өзгертуге болатындығы туралы алаңдатады. Әр ұрпақ қоғамдық дамудың өзіндік нұсқасын алға тартты. Расында, халыққа қызмет етуден асқан ғазиз нәрсе жоқ. Жұрттың қарапайым та­лап-тілегін орындау – кез келген салаға жауапты тұлғаның асыл борышы. Осы орайда Шымкент қаласында әлеуметтік мәселелерге ден қойылған.  Қазір Ынтымақ-2 шағынауданында 350 келушіге арналған емхана салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов емдеу мекемесінің құрыласын қадағалады. Жоба бойынша мұнда 7 блок, орталық және отбасылық денсаулық копрустары қарастырылған. Сондай-ақ екі стационарлық бөлімшемен қоса консультациялық-диагностикалық бөлімше бар. Заманауи талапқа сай бой көтеретін емханада компьютерлік томография, цифрлы маммограф, УДЗ апапраты орнатылады. Онымен қоса жаңа емдеу орталығы  ЛОР комабайн, электрокардиограф, электроэнцефалограф сияқты озық технологияларға негізделген қондырғылармен жабдықталады.  Жоба бойынша нысанның  5500 шаршы метр алаңы абаттандырылып, 100 шаршы метрлік 100 автокөлікке арналған автотұрақ салынады. Емхана жоспарға сәйкес жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.  Қала активі жауаптыларға  құрылыс қарқынын күшейтіп, нысанды мерзімінде қолданысқа беруді тапсырды. Сондай-ақ қаладағы емханалардың жүктемесін талапқа сай азайтып, халыққа медициналық көмек түрлерін қолжетімді ету бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin