• 28 октября, 2024 2:31 пп

Шымкент қаласы: Ынтымақ-2 шағын ауданы табиғи газбен қамтылмақ

Автор:admin

Окт 15, 2023

 

 

Қазіргі таңда Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүруде. Қазіргі таңда Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүруде. Ұзындығы 76,42 шақырым құбырдың құрылыс жұмысы 2024 жылы аяқталып, нәтижесінде 4534 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылатын болады. Шымкент – мегаполис мәртебесін алғанына 5 жыл толды. Осы уақыт ішінде қаланың қатарына қосылған елдімекендерде инфрақұрылым жүйесі жоспарлы түрде жүргізіліп  келеді. Әлеуметтің жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстардың негізгісі – газ, су, электр желісі. Күнделікті тұрмыс үшін ең керекті инфрақұрылым жүйесі бойынша биылғы жоспарға сәйкес елдімекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы құрылыс жұмыстары қала аумағындағы 6 нысанда жүріп жатыр. Олар — Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га. Жуырда Ынтымақ шағын ауданында да газдандыру құрылысы басталды. Қала басшылығы аталған елдімекенде болып, жұмыс барысымен танысты. Мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС жұмысшылары мен техникалық қадағалаушылар жалпы жұмыстың әзірге 10%-ын атқарған. Жоба бойынша газ құбырларының ұзындығы 76,42 шақырымды, газдың қуаттылығы 15 255,36 м3/сағ. құрайды. Жұмыстар аяқталып, нысан толық пайдалануға берілгенде 4534 тұрғын үй табиғи газға қосылады. Өндірістік кестеге сай газдандыру құрылысы келесі жылы аяқталып, елдімекен халқы орталықтандырылған желіге қосылады. Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігі жауаптыларға газ құбырларын жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтап, жергілікті халықтың қолайсыздығын назарға алуды ескертті. Сондай-ақ, қала аумағындағы өзге де нысандардағы газдандыру жұмыстарының сапасын, өндірістік кестеге сай атқарылуын қадағалауды тапсырды. Табиғи газбен қамту Тұран. Ауданында да жүріп жатыр. Қаланың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы кешенді жоспар аясында бүгінде Тұран ауданы аумағындағы Арғымақ елдімекеніне табиғи газ жеткізілді. Былтырғы жылдың соңында Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. Техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерде абоненттеу жұмыстары жалғасып, нәтижесінде 564 абонент табиғи газға қосылады. Сонымен қатар, Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша құрылыс 2024 жылы аяқталады. Сондай-ақ, Қайнарбұлақ 1, 2 кезең құрылыс жұмыстарын аяқтауға қаржы толық қаралған жағдайда 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Қаланың жоспарына сәйкес 2024-2025 жылдары газ және электр қуатымен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайыз болмақ. Газдандыру мәселесі – қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жеңілдетуге бағытталған ауқымда жоба. Өйт-кені көмірден шыққан көк түтін қаланың экологиялық тазалығына да айтарлықтай қауіп төндіреді. Екіншіден, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін де маңызды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin