• 24 ноября, 2024 7:49 дп

Шымкент қаласы Қаратау ауданында ауыз сумен және электр жарығымен қамту 98 пайызға жетті

Автор:admin

Ноя 5, 2023

Қаратау ауданында 213 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Ауыз сумен және электр жарығымен қамту 98 пайыз, ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 пайызды құрайды. Аталған жүйелерді биыл 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Табиғи газ мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. Өткен жылы 30 көше жарықтандырылса, биыл тағы 30 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ауданда жоспарға енген 70 көшенің 52-де асфальттау жұмыстары аяқталды. 2023 жылы 33 шақырым 41 көшеге шағал тас төселеді. – Тұрғындардың ең көп көтеретін мәселесі – инфрақұрылым. Даму жоспарына сәйкес, бұл бағытта жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Жалпы инфрақұрылым бойынша магистралды жүйелерді жеткізіп береміз. Әрі қарай тұрғындар жүйелерге өздері қосылуы керек. Сонымен қатар, инженерлік жүйелермен толық қамтылып біткеннен кейін асфальт салынады. Тұрғындар мұны да білуі тиіс. Айтылған мәселелер бойынша елді мекендерді аралап көремін. Ал қоғамдық көлік мәселелерін зерделеп, кешенді жоспар бойынша шешеміз, – деді қала әкімдігінің салаға жауапты басшылығы. Кездесуде тұрғындар инфрақұрылыммен қамту, қоғамдық көлік және аулаларды абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Қала әкімдігінің салаға жауапты басшылары әр тұрғынның мәселесін тыңдап, нақты жауаптар берді. Тиісті сала басшылары мәселелерді дер кезінде шешуге белсене кірісті. Биыл Қаратау ауданында 70 көше асфальтталып, 38 көшеге шағал тас төселеді. Сондай-ақ 3 елдімекенге кәріз жүйесі жүргізіледі. Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірлігі. 2014 жылы құрылған. Аудан атауын танымал жазушы, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт қойған. Аудан аумағына 28 елді мекен мен мөлтекаудан енген. Қаратау ауданы өзінің құрамына «Азат», «Ақжайык», «Асар», «Асар-2», «Бозарық», «Достық», «Достық-2», «Қайнар булақ», «Қайтпас», «Қызылсай», «Мартөбе», «Мирас» (бір бөлігі), «Нұрсәт», «Нұртас», «Орманшы», «Өтеміс», «Сайрам», «Тәжірибе бекеті», «Таскен», «Тассай», «Тұран», «Шапырашты» мөлтекаудандары мен тұрғын алаптарын біріктірген. Қаратау ауданы әкімдігі Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, №60 үй мекен-жайында орналасқан.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin