• 19 сентября, 2024 1:30 дп

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ҚЫЗЫЛСАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ТЕМІРЖОЛ АСТЫ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Сен 7, 2023

Дағдарысқа қарамастан құрылыс саласы ел экономикасының басты өрге сүйреуші күші болып қала береді. Жұмыспен қамтылғандардың 17 пайызы және нақты сектор кәсіпорындарының 42 пайызы дәл осы құрылыс саласында жұмыс істейді.  Ал мегаполисте бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Құрылыс ел экономикасы өсімінің басты драйвері деп нық сеніммен айта ала­мыз. Биыл бұл сала көлемі жағынан өсу бойынша да лидер атанды. Алты ай­дың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім 3,6 пайызға өссе, құрылыстағы өсім 9,2 пайызды құрады. Бір қызығы, сала тағы бір жоғары технологиялық сегмент – ақпарат және коммуникация саласымен (+12,6 пайыз) бір қатарда көш бастап тұр. Қазір құрылыс ел ІЖӨ-нің 5 пайызын қалыптастырады. Бұл ретте сектор ара­лас салаларды (өңдеуші өнеркәсіп, көлік құ­растыру, құрылыс материалдарын өндіру, сауда, транспорт-логистикалық сала) ын­та­ландыра отырып экономикаға мульти­пликативті әсерін тигізеді», дейді сарапшылар.. Осы орайда Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Қызылсай тұрғын алабының тұрғындары қала басшысымен кездесулерде көптен бері жол мәселесін көтеріп келген болатын. Нәтижесінде қала әкімдігінің бекіткен іс-шаралар жоспарына еніп, маусым айының басынан бері аталған тұрғын алапта қала орталығына қатынайтын тура жолдың құрылысы жүргізілуде. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қызылсай тұрғын алабындағы жол құрылысына барып, мұндағы жұмыстың жай-күйімен танысты. Бүгінде салынып жатқан теміржол асты өткелінің құрылысына жалпы 10 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, жер жұмыстары және инженерлік желілерді қайта орнату іске асырылуда. “Қала орталығына бару үшін бұрын айналып өтетін жолмен жүретінбіз. Ауа-райы қолайсыз мезгілдерде жедел жәрдемнің қатынауы өте қиын. Тұрғын алабымыздың осы жол мәселесі енді қолға алынды. Өткен жолы бір топ техника келіп, жолды жөндеу жұмыстарына кірісті. Міне, шаруа қарқынды жүріп жатыр.  Біз үшін бұл өте қуанышты жаңалық,”– дейді тұрғындар. Теміржол асты өткелінің құрылысы аяқталған соң, тұрғындар сапалы жолмен толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, қалаға тиімді қатынауына және қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік алады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin