• 24 ноября, 2024 11:43 дп

Шымкент қаласы: Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес

Автор:admin

Сен 11, 2023

Шымкентте 2023 жылы инфрақұрылым мәселесі толық шешіледі. Соңғы үш жылда еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші қалада 853,5 шақырым жол төселді. Қала бюджеті 131,2 миллиард теңгеден биыл 481,6 миллиард теңгеге жетеді деп күтілуде, яғни өсім 3,7 есе. Кәсіпкерлік саласында инвестиция көлемі 1,9 есеге өсіп, 214 миллиард теңгеден биыл 400 миллиард теңгеге жетеміз деп отырмыз. Өнеркәсіп өнім көлемі 425 миллиард теңге болса, жыл соңында 710 миллиард теңге болады деп күтіліп отыр. Ал тұрғын үйды бір миллионға шаршы метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы соңғы үш жылдағы атқарылған ауқымды жұмыстар. Әл-Фараби ауданының аумағында, жылдан-жылға көркейіп келеді. Жыл басынан бері ауданның инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру мен көріктендіру, тазалық жұмыстары және қысқа маусымға дайындық бойынша бірқатар істер атқарылған. Бұл туралы аудан әкімі Рашид Мыңбаев мәлімдеді. Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 га жерді құрайды, халық саны – 234 857 мың. Аудан аумағында 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. –Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, 99 пайыз табиғи газбен қамтылған. Қазіргі таңда Сәуле шағынауданында мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталып, көрсеткіш 100 пайызды құрайтын болады. Ауыз су және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Ауданда ұзындығы 260 шақырымдық 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 233,2 шақырымы асфальт, 22,5 шақырымы тас жол, 4,3 шақырымы топырақ жолды құрайды. 2023 жылы барлығы 28 көшеге ораташа жөндеу мен 12 көшеге шағал тас төсеу бойынша қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жоспарына енгізіліп, жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, қазіргі таңда 13-не — Ескі қала шағынауданы Ирек, Қисық, Коканд көшелері мен Детский, Бостандық № 1-3 тұйықтарына, Береке шағынауданы 275 орамдағы көшелерге, Қошқар ата көшесіне, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан асфальт төселді,– деді аудан әкімі.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin