• 24 ноября, 2024 7:38 дп

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 25 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылды

Автор:admin

Ноя 6, 2023

Шымкент қаласы көкжиекті шаһарлар санатында екендігі баршамызға мәлім. Тұрғын үйлер санынан да халықтың тығыз орналасуы жағынан да алдыңғы қатарлы мегаполистер санатындамыз. Ал осы тұрғын үйлердің ауласын аббаттандыру жұмыстары қалай жүзеге асып келе жатыр? Осы мәселе әрбір қала тұрғынын ойланыдруы керек секілді. Естеріңізде болса қала әкімінің халықпен кезекті кездесуі Еңбекші ауданындағы Қаратөбе тұрғын алабында өткен болатын. Онда қала әкімі азаматтардың мәселелерін тыңдап, тұрғындарды әлеуметтік-экономикалық даму, инженерлік-инфрақұрылым және өзге де бағыттарда атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Алдымен аудан әкімі Досбол Есілбек барлық салада жүзеге асқан жұмыстарды баяндап, бірқатар мәселелерге тоқталып өткен еді. 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жоспарланған 35 көпқабатты үй аулаларының 25-інде абаттандыру жұмыстары аяқталды. Биыл 7 спорт алаңшасы орнатылуда. Халықтың негізгі шоғырланған аумақтары инфрақұрылыммен қамтылған. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамту 97 пайызға жетпек. Қарабастау, Қаратөбе, Тоғыс, Жұлдыз, Жыланбұзған, Айнатас тұрғын алаптарының жаңақұрылыс аумақтарында, жалпы 6 нысан құрылысы жүргізілуде. 2023 жылы табиғи газбен қамту көрсеткіші 90,7 пайызды құрамақ. Және ауданда 73 көше (45,5 шақырым) жөнделеді. – Қалада тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Атқарылған жұмыс та бар, кемшіліктер де аз емес. Жаңадан қосылған шалғай елдімекендерде әлі де мәселе көп. Барлық мәселелер басымдығына қарай, уақытпен, кезең-кезеңімен шешіледі. Атқарылатын жұмыстардың басталуы және аяқталу мерзімін нақты айтып, тұрғындарды үнемі ақпараттандырып отыру керек. Бүгін айтылған мәселелерді жүйелеп, зерделеп, тиісті шешімдерді тұрғындарға жеткізіп отырамыз. Жалпы, қаламызды дамыту, өркендету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді қала әкімі. Сондай-ақ, аудан тұрғындары кездесуде инфрақұрылыммен қамту, жол белгілерін орнату, балалар ойын алаңшасы, мобильді байланыс, қоғамдық көлік мәселелері бойынша сауалдарын қойды. Атап айтқанда, Қарабастау тұрғындары су, газбен қамту, мобильді интернет сапасын жақсарту мәселесін көтерсе, Жастар көшесі тұрғындары мектепке баратын аяқжол, кәріз жүйесі және балалар ойын алаңшасын орнатып беруді сұрады.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin