Шымкент қаласы жыл санап түрленіп, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өсіп, өркендеп келеді. Халқының саны да бұрнағы жылдармен салыстырғанда едәуір артып, ел-жұрттың тұрмыс-тіршілігі де жақсара түсуде. Иә, Шымкент қаласының тұрғындары да шаһардың гүлденіп, көркейіп келе жатқанын айтуда. Бүгінгі Шымкент – мемлекетіміздің өндірістік қарқындылығын арттыруда айрықша үлес қосатындықтан экономикалық даму саласында маңызды рөл атқарып отырғаны сөзсіз. Сонымен қатар мақта-тоқыма шаруашылығы, фармацевтикалық және мұнай өңдеу кластері аясында жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті өнім өндіретін қала ретінде еуразиялық континенттегі халықаралық транзиттік орталықтың біріне айналуға мүмкіндігі зор. Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің әр тоқсан сайынғы жоспарлы кезекті есепті кездесуі бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен жалғасты. Қала әкімі мегаполистегі соңғы 9 айда атқарылған істерді қорытындылап, баяндама жасады. Кездесуге 300-ден астам халық, басқарма басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есепті кездесу Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Шаhар басшысы жыл басынан бастап мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізіп, көтерілген 1020 мәселенің әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған. Нәтижесінде бүгінге дейін 500-ге жуық мәселе шешілсе, 377-сі жыл соңына дейін шешімін табатын болады, ал 195 мәселе 2023-2025 жылдар жоспарына енгізілді. Соңғы 9 айда 12 рет жеке қабылдау өткізіп, 1 200-ден астам азаматтың мәселесі тыңдалды. 2 341 мәселенің 760-сы нақты шімін тапса, 1 476-сы орындалуда, қалған мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетін болады. Әл-Фараби ауданының әкімі Р. Мыңбаев 2 елдімекен, 13 шағын аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады. Регламентке сай сұрақ-жауап болып, қала әкімі М.Әйтенов 30-дан аса атап айтқанда, денсаулық саласы, жұмыспен қамту, инфрақұрылым, балалар ойын алаңшалары, қоқыс мәселесі, заңсыз ғимарат салу мәселелері төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. Жиын соңында М.Әйтенов хаттамаға енген мәселелердің шешімі бойынша, заң аясында жан-жақты жұмыстар атқарылатынын атап өтіп, қоғамдық мәселелердің шешімінде белсенділік танытқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.
Jsk ақпарат