• 29 марта, 2024 2:26 дп

ШЫМКЕНТ: ҚАУЛЫҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Автор:admin

Апр 23, 2020

 

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №9 қаулысына енгізілген өзгерістер жөнінде онлайн-брифинг өтті.

— Аталған қаулы бойынша ауылшаруашылығына қатысты және тағы да екі санатқа қосымша өзгерістер енгізілді. Карантин кезінде мұқтаж және зардап шеккендерге, қарт адамдарға волентерлік көмек көрсететін қайырымдылық қорлардың (әділет ұйымдарына тіркелген жағдайда) қозғалысына рұқсат берілді. Сонымен қатар қала тұрғындарының өмір сүру тіршілігіне аса қажетті болғандықтан, «Қазтелерадио» АҚ компаниясының қызметкерлеріне рұқсат етіліп отыр. Қаулыда енгізілген тағы бір өзгерістің бірі, ауылшарушылығына қатысты, яғни көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, ара шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, оны растайтын мемлекеттік тіркеу куәлікті (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, жеке кәсіпкер), жеке куәлікті, сондай-ақ, жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтамасын (мөрімен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде және олардың көліктері блок-бекеттерден кедергісіз өткізіледі. Бұл ретте көлік қозғалысы толық бақылауда. Аталған қаулы 2020 жылғы 22 сәуірден қолданысқа енгізілді, — деді Мақсұт Исахов.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласының барлық аумағында 2020 жылдың 19 сәуірі сағат 00:00-ден бастап 01.05.2020 жылы сағат 07.00-ге дейін бірқатар шектеулер енгізілген болатын. Оған сәйкес, айырбастау пункттерінің, микрофинанстық ұйымдардың қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы уақытша шектелді. Сонымен бірге, қалада қоғамдық көліктер жұмысын уақытша тоқтатты.

Автор: admin