• 25 ноября, 2024 6:44 дп

ШЫМКЕНТ: «ҚИМЫЛДАҒАН ҚЫР АСАР»

Автор:admin

Авг 7, 2022

Кәсіпкер мен шағын бизнес иесі терминдері кейде бір-бірінің орнына жүреді. Алайда кей жағдайда екі терминнің ортақтығына қарамастан, аты мен затындағы айырмашылықтарын білген де жөн. Шағын бизнес дербес басқарылып, жұмыс істейді, өз саласында басымдыққа ие емес және әдетте көптеген жаңа немесе инновациялық тәжірибелерді көп қолданбайды. Олар ешқашан ұлғайып өсуді мақсат етпейді және иелері осы бизнесін жүргізу үшін тұрақты әрі тыныш жолды таңдайды; басқаша айтқанда, өз бизнесін тұрақты сатылым, орташа пайда мен өсімге қанағаттану арқылы басқарады. Себебі шағын фирмалар бұрыннан орныққан бизнестерді, сондай-ақ, франшизаларды қамтиды, олардың иелері шағын бизнес басшылары деп саналады. Екінші жағынан, кәсіпкерлік венчурлер – кәсіпкерліктің негізгі мақсаты инновация, табыстылық пен өсу болатын кәсіпорындар. Осылайша, бұл бизнес инновациялық стратегиялық тәжірибелермен және тұрақты өсумен сипатталады. Кәсіпкерлер мен оларға қаржылай қолдау көрсететіндер әдетте тез өсуді және жылдам пайда табуды көздейді. Олар тіпті үлкен капитал табысын иелену (кенелу) мүмкіндігі пайда болса, бизнесін сатуға дейін баруы мүмкін. Осылайша, кәсіпкерлер мен шағын бизнес иелерінің өз фирмаларын дамытуға қатысты көзқарасында айырмашылық бар. Осы дәрісімізде біз кәсіпкерлерге және кәсіпкерліктің тиімді дамуына, оның ішінде ұйымдардағы кәсіпкерлік ойлау жүйесіне көңіл бөлеміз. Мұнда айтылатын кейбір жайттар шағын бизнес иелеріне де, кәсіпкерлерге де қатысты болуы мүмкін; алайда біз кәсіпкерлерге байланысты инновациялар мен өсудің қыр-сырына тереңірек назар аударатынымызды ескеріңіз! Осы қағиданы ұстанатын Шымкент қаласының  тұрғыны Азиз Бакибаевтың өз шеберханасы бар. ІІ топтағы мүгедектігі бар азамат денсаулығын алға тартатын жан емес. Азиздің қолынан келетін ісі – көлік жөндеу, ұрылған көліктерді түзеу, сырлаумен айналысу. Бастапқыда цех ашу үшін құрал-жабдықтардың керегі айтпаса да белгілі.

– «Атамекен» палатасында  кәсіпкерліктің негіздерін оқып, серификатқа ие болдым. Бизнес-жоспарымды қорғау қиын болған жоқ. Өйткені, бұл менің сүйікті кәсібім болатын.  Грант алып, көлікті жөндеуге қажетті құрал-жабдық сатып алдым. Қазір 3-4 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Енді, екінші шеберханамды ашу жоспарымда бар. Бұл ісім нәтижесін берсе, онда 3-4 азаматқа жаңа жұмыс орны ашылады, — дейді шебер Азиз.  «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасының мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы экономикалық белсенділігін арттыру. Олай болса, аталған жоба үшінші мегаполисте өз тиімділігін көрсетіп, кәсібін дөңгелеткендер қатары артып келеді.  Қайтарымсыз гранттар алуға өтінімдер қабылданады. Ендеше, кәсіп ашуға ниетті жандарға бизнес-жоспарыңды жүзеге асыруға асық дегіміз келеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin