Жастардың ұлтаралық татулық дегенді ұғынып, ұлттық, қоғамдық құндылықтардың бағасына жете біліп, заңға бағынуы өте маңызды. Осыған орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық мәселесіне қатысты түрлі іс-шаралар өткізуді жиі ұйымдастырып жүр.
Кеше аталмыш тақырып аясында жастар арасында кездесу өтті. Сонымен бірге Президенттің халыққа Жолдауы да кеңінен насихатталды. Негізгі мақсаты- жастар бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, адамгершілік, басқаларды құрметтеу сияқты адами қасиеттерді бойларына сіңіру.
Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағдарламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа межесі ретінде 2050 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өркениетті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мерзімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осындай бағдарламаны ғаламдық саяси институт БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тиянақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жүзеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар. Жастармен кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Аманкелді Нұрдәулет, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің эксперті Жұмабаева Балнұр және МКҚК М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжнің студенттері қатысты.
Жиында «Жастар арасында ұлтаралық татулық»,«Жат ағымдардың сыртқы көрінісіндегі және мінезіндегі өзгешіліктері, олардың алдын алу жолдары» атты тақырыпта сөз қозғалып, оның мән-мағынасы түсіндірілді. Халықтың бірлігі — Қазақстанның барлық жетістіктерінің кілті екендігі айтылды. Өйткені, ұлтаралық қатынас мәдениеті ұлттардың айырмашылығына, тіліне, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауынан басталады.
-Бейбітшілік пен тұрақтылық — жалпы халықтық жетістік. Көзі ашық, көкірегі ояу жастар мұны жақсы түсінеді. Сондықтан бүгінгі таңда татулықты сақтап, ұйып отырған бірегей мемлекетіміздің тыныштығы мен берекесін арттыру жолында қызмет етуіміз керек -деді ұйымдастырушылар
Жиналғандар жастар мәселесіне қатысты нақты ұсыныстарын айтып, қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Jsk ақпарат