Шымкентте өнеркәсіп өнімінің өсімі 106,4 пайыз болып, 484,5 млрд теңгеге жеткен. Өндірілген өнімдердің 87 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрап отыр, деп хабарлайды jsk.kz ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өңдеу өнеркәсібі саласында жиһаз, химия өнеркәсібі, электр жабдығы, дайын металл, киім-кешек, сусындар, тамақ өнімдері, тоқыма бұйымдары мен мұнай өңдеу өнімдерінің нақты көрсеткіш индексі 100 пайыздан асады. Өнім көлемі артқан саланың бірі – химия өнеркәсібі. Бұл сала өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 58,8 пайызға артқан. Кәсіпорындарда жыл басынан бері 6,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 158,8% құраған. Мұндай өнімдерге сабын, әртүрлі жуу құралдары, спирт тыңайтқыш, бояу және көміртегі диоксиді кіреді. Сабын өндіруде қалада көш бастап тұрған «Шымкентмай» АҚ қалдықсыз өндіріс технологиясын қолданудың арқасында жүзеге асырып отыр. Кәсіпорынның негізі майды қайта өңдеу өнімдері болып табылады. Дәстүрлі кір сабыннан бөлек, құрамында кокос майы бар сабын да шығарады. Айта кетейік,» Шымкентмай» АҚ бүгінде қалдықсыз өндіріс технологиясын қолданудың арқасында, кір сабын мен кокос майы қосылған сабындар шығаруда. Шымкент – бүгінде инфрақұрылымы жақсы дамыған, жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтардың бірі. Мұнда түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өркендеуіне үлес қосып отырған жетпіске жуық өнеркәсіп бар Шымкент — Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар. 2019 жылы Шымкент қаласының ЖӨӨ 947,6 млрд.теңгені құрады (ҚР ЖӨӨ облыстың ЖӨӨ үлесі 3,4% құрады). Қазақстан өңірлерінің арасында ЖӨӨ көлемі бойынша Түркістан облысы 13-ші орында. Шымкенттің ресурстық базасы жоқтығына қарамастан, бұл өңір өнеркәсіп пен сауданы дамытатын ірі орталық болып табылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылдың 1 наурызына қалада 26 907 кәсіпорын тіркелген, оның 120-сы ірі және 303-і орта, 26 484-і шағын. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін шағын және орта кәсіпкерлік құрайды. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада 530 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есеге артық. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы 5 жылдықта Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өңірлік өнімдегі үлесін 50%-ға жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ өткен жылы Шымкентте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 29,1 млрд. теңгеге 30 жобаға қолдау көрсетілген. Биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2 396 млн. теңгеге 418 жобаға қолдау көрсету жоспарлануда. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 576 млн. теңгеге 100 жаңа жобаға қолдау көрсету көзделіп отыр.
Jsk ақпарат