• 21 ноября, 2024 5:50 пп

ШЫМКЕНТ: ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ОСЫ КЕЗЕҢІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 40%-ҒА АРТҚАН

Автор:admin

Июн 8, 2022

Шымкент қаласында сыртқы сауда айналымы 2021 жылдың 5 айында — 418 млн АҚШ доллары болса, 2022 жылдың 5 айдың алдын ала қорытындысымен 584 млн АҚШ долларын құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 166 млн АҚШ долларына немесе 40 пайызға артқан. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Шымкент қаласы мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов мәлімдеді.

– 2022 жылдың 5 айында өткен жылдың осы кезңімен салыстырғанда сыртқы тауар айналымы 40%-ға, «экспорт» рәсімі 55%-ға, импорт (ішкі тұтыну) рәсімі 28% пайызға ұлғайған, — деді спикер. Ерлан Әлімқұлұлының айтуынша, Түркия, Өзбекстан және Қытай елдерімен сауда саттық барлық тауар айналллымының 50 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, 2022 жылдың 5 айында өндірістік емес төлемдер бойынша жергілікті бюджет 169%-ға орындалған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары. Ал жеке  тұлғалардың берешегі бойынша 29%-ға өсіп отыр. Оның ішінде, жер, мүлік салығы бойынша 31%-ға төмендеген. Көлік салығы бойынша 55%. Баспасөз жиынында Ерлан Әлімқұлұлы берешек сомасын азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.

– Берешек сомасын азайту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Берешегі пайда болған жеке тұлғаларға бірінші хабарлама жолданады, 30 жұмыс күні ішінде орындамаған жағдайда салық бұйрығы қалыптасады. Оны 5 жұмыс күні ішінде төлемеген жағдайда автоматты түрде жеке сот орындаушылар палатасына мәжбүрлі түрде өндіру үшін жолданады.  Қазіргі таңда берешегі бар 1 691 автокөлік иелеріне іздестіру шаралары жүргізілуде. Салық төлеушілердің автокөліктері қала аумағында орнатылған «Сергек», «Интегра» жүйелік кешендерінің және «Қорғау» қосымшасының көмегімен іздестірілуде.  Аталған автокөлік  иелері туралы мәлімет Шымкент қаласының Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына ұсынылып, 23- мамырдан рейдтік іс-шаралар басталды. Жүргізілген іс-шара нәтижесінде, 35 көлік құралы иелерінен 16,2 млн.теңгеден аса сома бюджетке өндіріліп, 16 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.  Бұдан бөлек, берешегі бар жеке тұлғаларға үйме-үй аралау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 754 жеке тұлғалардан 86 млн.тг. өндірілді, — деді спикер. Айта кетейік, салық берешегі туралы мәліметті Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz, «Электронды үкімет, Электронды қызмет» бөлімінің ішінде «Салық берешегі бар/жоқ туралы ақпараттар» бөлімшесінен және мобильді құрылғыларға  «e-Salyq азамат» қосымшаларын орнату арқылы қол жеткізуге болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin