• 24 ноября, 2024 1:44 дп

Шырайлы шаһардың экономикасы алдыңғы орында!

Автор:admin

Апр 6, 2023

Шымкенттің еліміздің алдында алатын орны әрдайым ерекше екендігі баршамызға мәлім. Отандық өнімдердің, тауар өндірушілердің өз өнімі нәтижиесінде қала экономикасы айтарлықтай көрсеткіштерге ие болды. Саналы мақсатта мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жұмыс жасауының нәтижиесінде бюджетке түсетін қаржының көлемі ұлғайып еселенді. Мемлекеттік бағдарламалардың тұрақты жұмыс жасауының арқасында 100,9 % ға өскенін байқауға болады. Аталған ерекшеліктерді ескере келе, бағдарламалау көптеген мемлекеттерде, ірі кəсіпорындарда, трансұлттық корпорацияларда кеңінен қолданыс тауып, стратегиялық басқарудың маңызды құралына айналды. Мемлекеттік бағдарламалар əрқашан мақсатты болады жəне белгілеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді. Бағдарламалау объектері бойынша: — Елдің, ірі экономикалық аудандардың, əкімшілік-аумақтық бірліктердің негізгі көрсеткіштері бойынша əлеуметтік-экономикалық дамуының келешегі мен стратегиясын анықтайтын жиынтық макроэконо-микалық бағдарламалар (мысалы, үкімет əзірлейтін Қазақстан Республикасының əлеуметтік- экономикалық даму бағдарламасы); — Шымкенттің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға қолайлылық танытады.  Қызметтің бір түрі бойынша мемлекеттік бағдарламалар (мемлекеттік инвестициялық бағдарлама, ғарыш бағдарла-масы жəне т.б.); — Жеке мəселелер бойынша мақсатты бағдарламалар — əлеуметтік, инновациялық, экологиялық, аймақтық, салалық жəне т.б.; — Министрліктер мен ведомстволардың өз құзыры аясында немесе орталық мемлекеттік бағдарламалар құрамында қабылданатын салалық жəне проблемалық бағдарламалар; — Ірі əкімшілік-аумақтық бірліктің заң жəне басқару органдары немесе жергілікті билік органдары қабылдайтын аймақтық мақсатты бағдарламалар; — ТМД аясында немесе Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында қабылданатын мемлекетаралық бағдарламалар; — Халықаралық бағдарламалар, мұнда ел бағдарламаның бастамашысы не оны орындаушылардың бірі ретінде қатысады; — Жоғары деңгейдегі бағдарламларды орындау үшін немесе өз бастауымен жəне өз қаражаты негізінде мемлекеттік жəне мемлекеттік емес кəсіпорындардың, холдингтердің, банктердің жəне т.б. өздері əзірлейтін жəне жүзеге асыратын мақсатты бағдарламалар. Осындай тұрақты әрі жүйелендірілген нақты мақсатты білетін мемлекеттік бағдарламалардың арқасында мегаполистердегі индустриялды инновациялық жобалар инвестиция арқылы қанатын кеңге жайып, жұмыс қарқынын жүйелендірмек.

Jsk ақпарат

Автор: admin