• 8 сентября, 2024 1:19 дп

Шырайлы Шымкенттен — Париж Олимпиадасына 12 спортшымыз қатыспақ

Автор:admin

Июл 25, 2024

     XXXIII жазғы олимпиадасы ертең 26 шілде күні Франция астанасы Парижде өткізілмек. Жазғы ойындарға 206 елден 10 500 спортшы қатысады деп күтілуде. Олар 329 медальді сарапқа салмақ. Айта кетейік елімізден 80 спортшымыз спорттың 25 түрінен бақ сынайды.

    Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі.

   Еске сала кетсек, төрткүл дүние көз тіккен Олимпиада ойындарында осыған дейін Қазақстан Жазғы Олимпиада ойындарынан ұзын-саны 77 медаль ұтқан екен. Соңғы өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 8 қола жүлдемен елге оралған болатын. Олимпиадаға 27 спорт түрінен 96 лицензия ұтып алып барған спортшыларымыз жалпы есеп бойынша 83-ші орынға жайғасқан. Осындай көрсеткішке жетуге — біздің Шымкент қаламызда өз үлесін қосып келеді. Айтар болсақ, биылғы олимпиадалық жолдамаға шаһарамыздан бокстан Махмұд Сабырхан, таэквондодан Самирхан Абабакиров, грек-рим күресінен Алимхан Сыздықов ,көркем гимнастикадан Эльжана Таниева жүлдеге таласады. Олимп шыңын бағындыруға Шымкенттік мергендердің де үміті мол. Стэнд атудан Мария Дмитренко, нысана көздеуден Никита Чирюкин мен Ирина Юнусметова сайысқа түседі. Семсерлесу спортынан шымкенттік Эльмир Алимжанов пен Ерлік Сертай қатысады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin