• 23 ноября, 2024 10:47 дп

Шырайлы Шымкентте жылына 11 мың сәби дүниеге келеді

Автор:admin

Май 23, 2022

Ведомствоның мәлімдеуінше, балалардың денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі, ол «Салауатты ұлт «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында көрініс тапқан. «Біздің елімізде бала туудың оң динамикасы байқалады. Жедел деректерге сәйкес республикада 2021 жылдың 9 айында 341 854 бала дүниеге келді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінде туылғанға қарағанда 21 552 балаға көп», делінген хабарламада. Мемлекет балалардың денсаулық жағдайын жақсарту және сәби өлімін азайту үшін жүйелі шараларды қолға алған. Министрліктің мәлімдеуінше, аурулар мен даму кемшілігін уақтылы анықтау үшін 3,2 млн бала профилактикалық тексеруден өткен. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық перзентханасында болып, қазіргі жағдайымен танысқан болатын. Бүгінде стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық перзентхананың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, қызмет көрсету сапасы артты.  Қазіргі таңда мекемеде 53 білікті дәрігер, 171 орта, 87 кіші  медперсонал жұмыс істейді. Қала тұрғындарына 153 төсек-орындық стационар қызмет көрсетуде.  Жылына 11 мыңнан астам нәресте дүниеге келетін нысан жаңғырту жұмыстары нәтижесінде 12 мыңнан астам ананың босануына жағдай жасалды. Қалалық перзентхананың 6 ғимараты 2021 жылы күрделі жөндеуден өтті. Оған бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралған-ды. Нысан толықтай соңғы үлгідегі медициналық қондырғылармен жабдықталған, заман талабына сай. 2021 жылы 41 медициналық құрал-жабдық (22-і жергілікті бюджет есебінен) сатып алынды.  Қала әкімі шаһардағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртудың маңыздылығын, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, демографиялық көрсеткішті одан әрі ұлғайту  негізгі бағыттардың бірі болып белгіленгенін атап өтті.

Jsk ақпарат

Автор: admin