• 24 ноября, 2024 5:27 дп

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «ӘРБІР ҚҰРЫЛЫС САПАЛЫ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС»

Автор:admin

Ноя 4, 2023

 

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылысы жүріп жатқан жаңа әуежай терминалына барып, бір ай бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысы мен жұмыс қарқынын бақылап қайтты.

🔷 Шаһар басшысы сала мамандарымен кездесу кезінде әрбір нысан құрылысы белгіленген мерзімде тапсырылып қана қоймай, сапалы шығуы тиіс деп шегеледі.

🔷 Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жолаушылар терминалы құрылысының 1-кезеңі аяқталды. Шатыры монтаждалып, қасбеті жаңғыртылды.

🔷 Сонымен қатар жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. 800 жұмыс қолы тартылған.

🔷 Жаңа терминалдың жалпы ауданы 40 800 шаршы метрді құрайды. 24 эскалатор, 2 трафик, 24 жеделсаты, заман талабына сай келетін 4 галерея қарастырылған. Барлығы жеке инвестор есебінен салынуда.

🔷 Аэропортта жолаушы өткізу қабілеті сағатына 200 адам болса, жаңа терминал іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш еселеніп, 2 000 адамға артады.

🔷 Қазіргі таңда перрон құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілді. 6 гектар аумақта тиісті жұмыстар атқарылуда.

🔷 Әуежай құрылысының 2-кезеңі 2024 жылы аяқталып, ел игілігіне беріледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin