• 28 декабря, 2024 5:19 дп

Қазақстандық венчурлық ин­дустрия бастапқы даму кезеңінде. 

Автор:admin

Июн 8, 2024

Қоғамда венчурлық индустрияның маңыздылығы жөнінде әлеуметтік түсінікті қалыптастыру, білім мен ғылымды байланыстыру, венчурлық жобалау менеджерлерінің және венчурлық қор кадрларын дайындау мәселесін шешу секілді жұмыстар атқарылуы керек. Мәселен Түркістан облысын алып қарасақ, облыстың экономикасына салынған венчурлік индустрия тұрақты даму үстінде. Сонда ғана венчурлық мәдениет қалыптасады, бар қаражатты қайда салу керек, қай саланы дамыту керек деген түсінік пайда болып, сапалы жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Инновациялық шағын компанияларды қаржыландыру үшін венчурлық капитал нарығын дамытуға венчурлық инвестиция қатысушыларының құқықтық қатынастарын реттейтін нормативтік база қажет. Өйткені, дүние жүзінде венчурлық бизнестің дамуы инвестициялық тәуекелдерді осы үдеріске көптеген  қатысушыларының арасында бөлінеді: зейнетақы және сақтандыру қорлары, корпорациялар, мемлекеттік құрылымдар, жеке инвесторлар. Сондықтан, қатысушылар арасында тәуекелдің бөлінуі, инвестициялауға қолайлы жағдай туғызады. Қаржыландырудың бұл түрі тұрақты қолданылатын елдерде венчурлық қорлардың табысты дамуы қор нарығы мен тікелей инвестиция қорларының дамуына байланысты, себебі тікелей инвестиция қоры капиталдың үлкен бөлігімен қамтылған. Жоғары білім беру орындарының жанынан технопарктер, инновациялық‑технологиялық орталықтар, бизнес инкубаторлар, шағын инновациялық кәсіпорындар, маркетингтік зерттеу қызметтері жүргізілсе, мамандардың кәсіпкерлікке даярлығы, инновациялық жобаларды дамытуға, тәуекел капиталын айналымға қосуға деген қабілеті қалыптасады. Мысалы, Калифорния  унивеситеттерінде орналасқан технопарктердің арқасында АҚШ-тың 50%‑ға жуық венчурлық  инвестициясы сол штатқа тиесілі. Silicon Valley Leadership Group пен COECON зерттеу орталығы дайындаған Silicon Valley инновациялық және бәсекеге қабілеттілік жобасы 2015 стартап-индустриясының дамуы туралы зерттеудің есебінде 2003-2013 жылдар аралығында Кремний алқабында ғана тіркелген патенттер екі есе арта түскен. АҚШ-та миллиондаған қаржы құйылған стартап жобаларының арқасында венчурлық инвестициялардың көлемі 47% өскен. Kauffman Foundation есебі бойынша дәстүрлі компанияларға қарағанда стартаптар ашқан жұмыс орындары әлдеқайда артық. Венчурлық компаниялар тәуе­келді  жобаларға салынған инвес­ти­ция­лар есебінен ақша табады. Ин­вес­тор­лардың тәуекелдік деңгейі инв­ес­ти­ция­лау­дың дәстүрлі бағыттарымен салыстырғанда  үлкен пайдаға кенелу мүмкіндігі бар.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin