• 23 ноября, 2024 11:07 пп

Қазақстанның қаржы саласында — активтерді басқару бойынша талаптары қандай?

Автор:admin

Авг 21, 2024

Қазақстанның қор биржасында эмитенттердің акцияларына қойылатын талаптарды күшейту үшін ұйымдарда корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын енгізу қажеттілігін тудырады. Сонымен қатар, халықаралық есеп беру стандарттарын қолдану компанияға шетелдік банктердегі арзанырақ қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кез келген елде, әсіресе дамушы елдерде қаржылық ашықтық пен ақпараттың/ашықтығы басты мәнге ие екен. Өз кезегінде тәуелсіз аудит те қажетті сенімділік деңгейін қамтамасыз етеді. Келесі кезекте мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік сектор ұғымдарын қарастырған жөн. Мемлекеттік мүлік – мемлекеттік басқарудың маңызды бір бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда мемлекеттік мүлікті пайдалануға және оны тиімді басқаруға қатысты мәселелер экономикалық және заң ғылымында теориялық тұрғыдан жеткілікті түрде пысықталмаған деп айтуға болады. Сонымен қатар, бұл мәселелер өте маңызды практикалық мәнге ие. Себебі, мемлекет меншігіндегі мүлік бұл әрбір мемлекеттің қызметін қамтамасыз етуде және саяси, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды қоса алғанда, аталған функцияларды қаржыландырудың да маңызды көзі болып табылады. Бұдан әрі, мемлекеттік мүлік мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық инфрақұрылымының ажырамас және маңызды бөлігі болып табылады. Нарықтық экономикасы бар батыс елдерінде мемлекеттік сектор институционалдық ортаға ене отырып, ұлттық экономикаларды дамыту міндеттеріне сәйкес белгілі бір уақыт кезеңінде құрылып, жұмысты іске асырды. ЭЫДҰ-ның көптеген елдерінде мемлекеттік сектор ұйымдары мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар (бұдан әрі — ММК), ағылшын тіліндегі нұсқасында «State Owned Enterprises» немесе мекемелердің басқа организациялық- формалық түрлері ретінде жіктеледі, олар экономикалық қызметті барынша пайда алу үшін немесе нақты саяси міндеттерді орындау үшін жүзеге асыратындығына байланысты. Коммуналдық қызметтер, денсаулық сақтау мекемелері, сондай-ақ кейбір көлік және энергетика салалары сияқты мемлекеттік мекемелер (СЕЕР – мемлекеттік қызмет көрсететін жұмыс берушілер мен кәсіпорындар орталығы, 2010) әдетте мемлекеттік саясаттың нақты белгіленген міндеттерін орындау үшін құрылады. Бұл міндеттемелер ұйымды құру кезінде мақсат ретінде белгіленеді және оны бүкіл елде де, аймақтық немесе муниципалдық деңгейде де қолдануға болады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin