• 21 ноября, 2024 10:26 дп

Қазақстан мектептерінде алғашқы қоңырау қашан өтетіні белгілі болды

Автор:admin

Авг 24, 2024

Оқу-ағарту министрлігі Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтетінін мәлімдеді.

«Білім күніне арналған салтанатты іс-шара еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте өтеді. 2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді.  2 қыркүйекте – жаңа оқу жылының бірінші күні  – «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады», – делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті.

«Демалыс және мереке күндері жұмыс істеген қызметкердің қалауы бойынша басқа демалыс күні беріледі немесе қызметкердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі бойынша кемінде екі есе мөлшерде ақы төленеді (ЕК)», – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы мектептерінде алғашқы қоңырау 2 қыркүйек өтеді деп айтылған еді. Кейіннен Алматы әкімдігі білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар 1 қыркүйекте қаладағы барлық мектепте өтетінін айтты.

«Білім күні» 1 қыркүйекте 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты іс-шара түрінде өткізіледі. 2 қыркүйекте бірінші сабақта 2-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында дәстүрлі сынып сағаты өтеді, одан кейін сабақтар кесте бойынша жалғасады», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне байланысты мектеп қашықтан оқытуға көшетіні туралыақпаратқа пікір білдірген еді.

 

Автор: admin