• 3 августа, 2025 11:33 дп

Қазақстан парламентаризмінің сайлаудағы тарихы            

Автор:admin

Июл 13, 2025

Президент Конституция қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, сәйкесінше қос палаталы Парламентке депутаттар сайлауы болып өттіПарламент тарихы дегенде ертедегі грек ойшылы реформатор Солон ойға келеді. Ол – алғашқы мемлекеттік органды құрушы, «төрт жүздік үкімет» кеңес құрылысын ұйымдастырушы. «Төрт жүздік үкімет» заң қабылдаушы ұйым ретінде тарихта белгілі. Кейін Англияда мемлекеттік ұйым ретінде қалыптасып, Еуропада парламент деген заң шығарушы органды қалыптастырды. Бүгінгі таңда парламент өкілетті ұйымның атауы ретінде барлық дамыған елдерде қолданылады. Ол – Ресейде Дума шақырылымы, Украинада Жоғары Рада, Моңғолияда Ұлы Хурал, ал Қазақстанда – Парламент. Осы орайда алдағы кезекті Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау науқанына байланысты еліміздің Тәуелсіздік алған тұстағы, яғни 1995 жылғы сайланған Парламент Мәжілісінің алғашқы шақырылымынан бастап, бесінші шақырылым кезеңдеріне дейінгі аралық тарихынан сыр шертпекпіз. 1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Осының негізінде жаңа мемлекеттік басқаруға ие болып, Қазақстанды президенттік республика деп жариялады. 1995 жылғы Конституция, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.1995 жыл Қазақстанның жаңа парламентінің тарихы ретінде ел жадында қалыптасты. Ол сол жылы заң шығарушы жоғары өкілді орган болып қалыптасты. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатад ан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрды.1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкіл халықтық референдум нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол Парламентті заң шығару қызметiн жүзеге асыратын, қос Палатадан: Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жоғары өкiлдi орган ретінде айқындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қолданыстағы Конституцияны қабылдағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық реформаны жүргізу үшін «даңғыл жол» ашылды. Бейнелеп айтқанда, барлығын да басқарған, бірақ ештеңені басқара алмаған Жоғарғы Кеңестің орнына, осы жылдардың ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен заңдарды қабылдаған қос палаталы кәсіби Парламент келді», – деп атап көрсетті. Осы Конституцияда «Парламент» деген ұғым алғаш рет ресми түрде бекітілді. Ел Президенті Конституция қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттар сайлауы болып өтті. Парламенттің қос палаталы құрылымы саяси жағынан толысқан, еліміздің саяси болмысындағы жаңа элементке айналды және әлемдік практикада қабылданған парламентаризмнің қағидаттарына сай болды. Ең бастысы, Қазақстанда қос палаталы Парламентті құру қабылданатын заңдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Бірінші шақырылым және саяси қайраткер Марат Оспанов (1996-1999 жж.)Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің тұңғыш сайлауы 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. Алғашқы мәжілістік мінберге 67 депутат сайланды. Алайда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда басталды. Алғашқы Мәжіліс депутаттары құрамында республикалық комитеттер мен министрліктер қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, мәслихат басшылары, кәсіпорын мен қауымдастық басшылары, ЖОО қызметкерлері мен мұғалімдер болды. Мәжіліске сайланған 67 депутаттың 19 адамы жергілікті атқарушы орган өкілдері және мәслихаттың басшылары мен қызметкерлерінен құралды. Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері болған. Мәжілісте 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Парламентарийлердің арасында 9 депутат әйел болды. Тұңғыш сайланған Парламент Мәжіліс шақырылымында белгілі қоғам қайраткерлері Оразалы Сабденов, Қаратай Тұрысов, Марат Оспанов, зерттеуші ғалымдар, профессор Мырзакелді Кемел, Өмірбек Жолдасбеков, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қалдырған қаламгерлер Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсыновалар болды. Бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы: Марат Тұрдыбекұлы Оспанов. М. Оспанов – тәуелсіз еліміздің мемлекеттік құрылысына ерен үлес қосқан танымал саясаткер. Ол мемлекетімізде нарықтық экономиканың қалыптасып, заңнамалық базамыздың өмірге келуіне негіз қалады.

 

Jsk ақпарат агенттігі

Автор: admin