• 24 декабря, 2024 6:15 пп

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлімінің 70 процент шамасы салықтардан түсетін түсімдерден құралады.

Автор:admin

Июн 14, 2024

Салықтық  түсімдердің ішінде, негізгі орынды жалпы мем-лекеттік салықтар алады. Жалпы мемлекеттік салықтардың үлесіне  барлық салықтық түсімдердің үштен екі бөлігі тиеді. Соңғы 1-2 жыл ішінде жалпы мемлекеттік салықтар ішінде аса жоғары қарқынмен жеке тұлғалардан алынатын табыс са-лығының өсуі байқалады. Әсіресе кәсіпкерліктен алынатын та-бысы бар жеке тұлғалардың табыс салығы жедел өсуде. Тұл, әрине, елімізде кәсіпкерліктің түрлерінің дамуының, мемлекет және салық қызметі органдарының белгілі бір еңбек нәтижесінің айғағы. Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады: Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейін Қазақстан Республякасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы „Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы» (Алматы, 24-сәуір, 1995 жыл); Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің нормативтік актілері. Салыққа қатысты емес заңдарға салық салуға байланысты мәселелерді енгізуге тыйым салынған. Егер  Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының салық заңдарында бар ережелерден өзге ережелер белгіленген болса, онда аталған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шартты қолдану үшін ішкі республикалық акт шығару қажеттігі шарттың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар салық қатынастарына тікелей қолданылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin