• 21 сентября, 2024 12:09 дп

Қазақстан  Республикасының салық саясаты:мақсаттық  бағыттары және қызмет атқару  ерекшеліктері

Автор:admin

Июн 14, 2024

Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның Қазақстан Республикасында қолданылуы. Салық мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар меи алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары  мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды. Салық мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың  ең негізгі, құралы болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің үлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған „Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды. Тұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашы-лықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субъктілер мен мемлекет арасындағы қатыстардың құқықтық негізде жүргізілуі т. б. Бұл заң салық жүйесін құрудың  басты принциптерін, алым мен са^шіқтың түрлерін, олардың, бюджетке түсу тәртібін белгілеген тұңғыш тарихи құжат болып есептеледі. Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, республикалық және жергілікті басқару органдарының да салыққа байла-нысты қызметтері, құқықтары мен міндеттері айқын бекітілді, Қабылданған Заңга сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республикасында: 13— жалпы мемлекеттік салықтар; 11 — міндетті турде төленетін  жергілікті салықтар мен алымдар; 18 — жергілікті салықтар мен  алымдар енгізілді. Салықтар негізін  пайдаға салынатын салық, табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және т, б, салықтар құрады. Қазақстан Республикасының салық жүйесін  құруда ең алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше. Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста  кездесетін ерекшеліптермен қатар кемшіліктер де бұл Заңда да тыс қалмаған сияқты. Яғни Қазақстан Республикасының алғашқы құрылған салық жүйесінде бірқатар шешуін таппаған мәселелер, кемшіліктер мен жетіспеушіліктер аз емес. Әрине, бұл кемшіліктердің түрлі себептері  де бар, Басты себеп, ол біз салық  жуйесін құрғанда елімізде жиынтықталғар  ғылыми немесе практикалық тәжірибе болған жоқ. Сйлық қызметі органдары да, салық төлеушілер де мұндай жаңа бас-тамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді, Еліміздің алғаш қабылданған салық жүйесінде біз жоғарыда айтып кеткен дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық принциптері сақтамалды. Сондықтан бұл салық жуйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге болмады. Ең бастысы салық жүйесінің өндірісті да-ешқандай ықпал етпеуі, бюджет кірісін құраудағы өз оөлін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс немесе пайда емес, керісінше тұтыну болып табылды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin