• 23 ноября, 2024 1:28 пп

Қазақстан Республикасының салық қызметі: құрылымы, құқықтық базасы, ұйымдастыру ерекшеліктері мен басқа мемлекеттік органдар мен бірлесіп қызмет етуі

Автор:admin

Авг 22, 2024

Салық қызметі органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитететтері, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Салық қызметі органдарының құқықтары: 1 Салық кодексінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту; 2 Өз құзіреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыруға және түсініктеме беруге; 3 Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен салық бақылауын жүзеге асыруға; 4 Салық төлеушінің ақша құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына, есептеріне, ақшасының бар – жоғына, бағалы қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауға байланысты өзге де құжаттарына ҚР – ның заң актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, тексеру жүргізу;

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin