Тәуелсіз Қазақстанның тарихы тым тереңде жатыр. Болашағы да тым ұзақты бағыттауы тиіс. Себебі қазіргі геополитикалық заманда әр елдің дамуы оның гүлденуі оның стратегиялық бағдарламаларының жүзеге асуымен байланысты. Егеменді еліміз отыз жылдық тарихында көптеген қиындықтар мен кедергілерді еңсеріп, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ елі әлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен бірегей ел екендігін дәлелдеді. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасқан маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізіліп бүгінде өз жемісін беру үстінде. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап ететіні сөзсіз. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған басты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елінің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақстандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды. Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз. Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елде өндірістік байланыстарды қайтадан орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір-бірімен ажырағысыз байланыста жұмыс істейді. Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесін жасаған тарихи маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Елдің жаңа елордасы – Астананы салдық. Бұл заманауи қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық ҚазақстандыЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Егер Астана болмаса, бұл да болмас еді. Мұндай құрмет кез келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы іс-шара – ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін бірінші ел екенін айтсақ та жеткілікті.
Jsk ақпарат