• 8 сентября, 2024 4:58 дп

Қалалық Антикор жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде

Автор:admin

Июн 7, 2024

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен оған ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде. Талдау барысында бюджетті жоспарлау, aleumet.egov порталында тауарлар мен қызметтерді сатып алу, АӘК төлемдері, гранттық қаржыландыру, сондай-ақ қызметкерлерге жалақы төлеу мәселелері зерделенетін болады. Егер Сізде шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса 8771 518 68 34 WhatsApp нөміріне немесе prevention.shymkent@gmail.com электрондық поштасына жолдай аласыз. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюда азаматтық белсенділік танытыңыз! Қазіргі таңда еліміздің дамуына бірден-бір кедергі және үлкен проблемалардың бірі, бұл–сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне, заң мен әділдікке, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз.  Бұл туралы Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясында: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында: Аса маңызды міндет — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны  қалыптастыру  және іске асыруды жалғастыру» делінген. Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін түйткілді мәселелермен сыйыспайтыны анық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

 

Jsk ақпаарттық агенттігі

Автор: admin