• 2 апреля, 2025 8:12 пп

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Автор:admin

Апр 1, 2025

 

Шымкентте тұрғындардың қауіпсіз және ыңғайлы жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдардың асфальт жабындысын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Бейбітшілік көшесінде (Желтоқсан көшесі – Республика даңғылы аралығы) және Тәуелсіздік көшесінде (Қонаев даңғылы – Ерманов көшесі аралығы) жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Қазіргі уақытта Ю.Сареми, Темірлан тас жолы, Жандарбеков, Кремлёвский, Қазиев көшелерінде және А-2 автомобиль жолының 5-ші кезеңінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сәуір айында Момышұлы көшесінде (Желтоқсан көшесі – Тәуке хан даңғылы аралығы) жол жөндеу жұмыстары басталады. Жүргізушілерден алдын ала қозғалыс бағытын жоспарлауды сұраймыз.

Сондай-ақ, жол-көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Қала тұрғындарынан жол жүру ережелерін сақтауды және жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуға шақырамыз.

Автор: admin