• 26 декабря, 2024 8:21 пп

Қаржылай сауатты адамның бойындағы негізгі 5 белгі?

Автор:admin

Июн 10, 2024

Ол азаматта үнемі бәрі бақылауда.

Қаржылық сауаты жоғары адам өз кірістері мен шығыстарының есебін жүргізеді. Ол қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық жоспар құрады.

Ең жақсы нәрсе-қаржылық жоспарды жасау, оның ішінде:

— қолда бар және жұмсалатын ақша қаражатының санын есепке алу;

— шығындарды қайта қарап ретке келтіру;

— кірістер мен шығыстарды жоспарлау.

  1. Бұл адам тапқан ақшасының бәрін жұмсамайды.

Қаржылық сауатты адам банктерден және микроқаржы ұйымдарынан несие алмайды. Ол тапқан ақшасымен өмір сүреді және жинақ жасайды. Әрбір жалақыдан кем дегенде 10% қалдырады және оларды түрлі сылтаумен жұмсап тастамайды. Бұл ақша қажеттіліктерге емес, келер күнде активтерге инвестиция салуға арналған.

  1. Ол қаржы әлемін қадағалап отырады және соны басшылыққа алады, яғни:

— қаржы нарығындағы жағдайды бақылайды;

— түрлі қаржы өнімдері мен қызметтерінің ерекшеліктерін түсінеді (несие, жинақ салымы, микрокредит, ипотека);

— ақшаны жоғалтып алмау үшін қаржы ұйымдарының сенімділігін де тексереді;

— қаржы саласында өз құқықтарын және оларды қорғау тәсілдерін біледі және пайдаланады.

  1. Оның жеке резервтік қоры бар.

Әр адамға күтпеген жағдайлар үшін сақтаулы тұрған ақша қажет. Сіз жұмыстан айырылып, ауырып қалуыңыз мүмкін, сізге шұғыл түрде көлікті жөндеу немесе пәтерде жөндеу қажет болуы мүмкін. Осы сияқты түрлі проблемалар әркімде болады. Сіз оларды шешуге дайын болуыңыз керек. Бұл үшін резервтік қор қажет.

  1. Бұл адам зейнетақы жинақтарын сауатты жасайды.

Өмірлік негізгі міндеттер шешілген, ал үлкен және салыстырмалы түрде қымбат кредиттер – өтелген кезде зейнетке ақшаны жинай бастаңыз. Қаржылық сауатты адам – бұл стратегиялық ойлау қабілеті бар және болашағын нақты көретін адам екенін ұмытпаңыз.

Көптеген адамдар бірінші рет осы қағидаларды ұстана алмайды. Ең бастысы – таңдалған бағытта жүруді жалғастыру! Күнделікті жұмыс көп ұзамай пайда түрінде оң нәтиже береді. Қаржылық сауаттылық сіздің өміріңізді жақсы жаққа өзгертеді және оны ыңғайлы етеді. Нәтижесін де байқай бастайсыз. Ендеше тапқан табысыңызды үнемді жұмсап, қызығын көру де тек өзіңізге байланысты.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin