• 24 ноября, 2024 1:48 пп

«Қаржылық жастық» қаржылық сауаттылықтан басталады

Автор:admin

Апр 19, 2024

Қаржы саласында осы сауаттылықтың, қор жинаудың бастапқы алғашқы шарты «Қаржылық жастық» деген дүние бар. Оны қалай сақтап, қай уақытта пайдаланған дұрыс? – Қаржылық жастық – ол ертеңгі күнге артылған жинақ ақшаңыз. Əр елде оны əрқалай атайды. Ал, мен «болашақ жақсы күндеріме арналған қорым» деп жиналғанын дұрыс деп есептеймін. Көп уақытта армандаған жаңа жұмыс іздеуге немесе жұмыс ауыстыруға, оқуға, шетелдерді аралауға келгенде сұрақ ай сайынғы табысқа келіп тіреледі. Жоғарыда айтылған мақсаттар тұрмақ, бүгінде адамдар ауырған кезде айлыққа тəуелділіктен жұмысқа шығуға мəжбүр болуда. Алысқа бармай-ақ еліміздегі індет жағдайы көпшілікке тікелей қаржылық соққы берді. Сондықтан, болашақ жақсы күндеріңізге арналған қаржылық жастығыңыз болғаны абзал, – дейді Əсел Жарасқалиқызы. « Қ а р ж ы л ы қ ж а с т ы қ т ы » қалыптастыруда негізгі үш қадам бар. Ең бірінші қадам: Ол ай сайынғы қайталанатын шығыстар сомасын шығару, мысалы, балабақша, несие, тамақ қоры, жол жүру немесе т.б. шығыстар сомасын есептей отырып, ай сайынғы ең көп қайталанатын шығыстардың ең үлкен сомасын (наурыз 100 мың теңге, сəуір 120 мың теңге, мамыр 90 мың теңге, маусым 110 мың теңге, шілде 120 мың теңге) анықтау. Осы сомалардың ең үлкен сомасын аламыз, яғни 120 мың теңге. Екінші қадам: « Қ а р ж ы л ы қ жастық» сомасын анықтау үшін бірінші қадамның нəтижесіндегі шығыс сомасын 4-ке көбейту керек. 120 мың теңге (əр адам өз сомасын есептейді) * 4 айлық шығыс сомалары = 480 мың теңге. Төрт айлық сома статистика бойынша ең қолайлы өлшем жəне Қазақстанның менталитетіне қарай жұмыс іздеуден бастап, қызметке тұру, тəжірибе алу, бірінші айлық ақы алу уақыты да толық есептелген. Үшінші қадам немесе мақсат: «Қаржылық жастық» сомасын 12 ай ішінде қалыптастыру немесе жинақтау, яғни 480 мың теңгені 12 айға бөле отырып, 40 мың теңгеден ай сайын жинақ қорыңызды толтырып отыру керек. Сізде «қаржылық жастықтың» болуы ертеңгі күнге сенімділікті, қаржылық тəуелсіздікті қамтамасыз етеді.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin