• 20 сентября, 2024 1:36 пп

Қаржылық нәтиженің экономикалық  мазмұны және оның негізгі  көрсеткіштері

Автор:admin

Июл 16, 2024

Түркістан облысында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жобалар тиімді жүзеге асуда. Бүгінгі мақаламызды нарықтық экономика жағдайында қаржылық нәтижелердің мазмұны мен негізгі көрсеткіштеріне арнайтын боламыз. Қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Бухгалтерлік есеп – субъектілердің активтері, меншікті капиталы, міндеттемелері, табыстары және шығыстары жөніндегі ақпаратты жинақтау, тіркеу және қорытындылау жүйесі. Қаржылық нәтижелер есебін жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңға,  24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті. Қаржылық нәтижелер есебінің элементтері: Активтер субъектінің құнмен бағаланатын мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтары. Активтер пайдалану мерзіміне байланысты екі топқа бөлінеді: ұзақ мерзімді активтер, ағымдағы активтер. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтері белгілі бір көздерден құралады. Субект активтерінің құралу. Меншікті капитал- субъект қызметінің бүкіл кезеңіне арналып бекітіледі, оның негізгі және айналым қаржысының құралу көздері болып табылады. Міндеттемелер- бұл белгілі тұлғаның ( борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс әрекет жасау міндеттемесі : мәселен, мүлікті тапсыруы, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс әрекеттен бас тарта тұруы, ал борышкерден оның міндеттемелерін атқаруды талап етуге қарызгердің құқы бар. Міндеттемелер ұзақ мерзімді және ағымдағы болып міндеттемелер болып бөлінеді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin