• 25 ноября, 2024 4:31 дп

Қаржылық сауаттылықты арттыру шаралары

Автор:admin

Апр 15, 2024

Жалпы қазіргі таңда үкімет тарапынан халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында бірқатар іс-шара қолға алынған. Мәселен, ҚР Үкіметі «Қаржылық сауаттылықты арттырудың тұжырымдамасын» бекіткен болатын. Оның басты мақсаты да халықтың түрлі топтарының қаржылық білім деңгейін, сауатын және қаржылық қолжетімділігін арттыру. Осы орайда, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сауаттылықты арттыру мақсатында істеліп жатқан жұмыстар жөнінде сұрау салғанбыз. ҚР ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев қазақстандықтардың қаржылық сауатын арттыру бойынша қолға алынған іс-шарамен таныстырып өтті.  «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-мен және қаржы ұйымдарымен бірлесіп Мемлекет қатысатын компаниялардың қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын өткізу жөніндегі тұжырымдаманың іс-шаралар жоспары шеңберінде жұмыс, Қазақстандағы IDF Eurasia, Solvo тобымен бірлесіп және облыс әкімдіктерінің қолдауымен өңірлер тұрғындары үшін қаржылық сауаттылық бойынша оқыту дәрістерінің жүрігізілді», — деп атап өтті департамент директоры. Бұдан бөлек, ол мектеп жасындағы балалардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Агенттік Freedom Finance Camp кеңейтілген жобасының шеңберінде Қазақстан мектептеріндегі қаржылық сауаттылық бойынша тегін сабақтар өткізілген. Сонымен қоса, агенттіктің азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасауы және қаржы реттеушісінің, қаржы ұйымдарының, реттелетін субъектілердің қызметі мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттың халық үшін қолжетімділігі мен толықтығын арттыру мақсатында Call-орталық жұмысын бастады. Азаматтар қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, агенттікке азаматтардан бұрын түскен өтініштерінің мәртебесін нақтылау, қаржы ұйымдарының жұмысы туралы кеңес алу мәселелері бойынша консультациялар алу үшін жүгіне алады.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin