• 25 ноября, 2024 2:59 дп

Қаржылық сауаттылықты санамызға сіңірсек

Автор:admin

Апр 16, 2024

Қаржылық сауаттылық туралы сөз қозғағанда бар назарымыз «қаржы» деген кілт сөзде болады. Соны білсек, байып кетіп, бақыттан басымыз айналатынына сенімдіміз. Шын мәнісінде, барлық құпия сауатсыздықта жатса ше? Қаржылық сауатсыздық десек, санамыз «қаржыны» екінші шетке ысырып тастайтыны рас. Сонда аңсаған арманымыз ақша емес, сауатсыздықты жою болып шыға келеді. Жалпы сауатсыздық деген сөз біздің басымыздағы бар мәселені айқындап бере алатын ұғым ба? Сауатсыздықтың кесірінен қаржылай кризиске тап болған біз кіммен, немен қалай күресеміз?   Бұл сұрақтың түйінін екі түрлі буын өкілі – 30 жылдық тәжірибесі бар қаржыгер, «Bai-Quat» инвестициялық компаниясының бас қаржыгері Сайлау Абайділданов пен ҚазҰУ-дың филфагын бітіріп, бизнес қуған Q4 Business school кәсіпкерлік мектебінің директоры Салтанат Минайханның эксперттік ойларын тоғыстыра отырып,  тарқатпақшымыз.

Сайлау Абайділданов: –«Бай болғым келеді» дейміз. Осы бір сөйлемді айтқанда бізде жаңа арман лап етіп туады. Миымызды компьютер деп қабылдайық. Байлықтың дәмін татқымыз келгенде оған автоматты түрде сигнал кетеді екен. Түпкі санамыз сол байлыққа бастайтын ақпарат-білімді асығып іздестіре бастайды. Нәтижесінде «Қаржылық білім» деген файл табылады. Ішін ашса,  «әттеген-ай», бос кеңістік. Содан соң файл жабылады, сіз де байлықты аңсап қана уһілеп қоя саласыз. Қаржылық сауаттылық сабағының алғашқы тақырыбын білесіз бе? Мен тақтаға сізге керегі ақша емес, байлық деймін. Ақша деген – құрал. Бар болғаны құрал. Сіз бен біз мыңдаған ғасыр бұрын есеп айырысу үшін ойлап тапқан құралымыз. Демек ақша бәрімізде бар. Аз болсын, көп болсын. Аздан көп жасау, міне, мәселе.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin