• 25 ноября, 2024 7:00 дп

Қаржылық сауаттылық: қаржыны тиімді пайдалану мен алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары қандай

Автор:admin

Апр 13, 2024

Қаржылық сауаттылық дегеніміз — қаржы өнімдері мен қызметі туралы білім. Қаржылық сауатты адам өз бюджетін жоспарлаудан, бар қаржысын көбейту жолдарынан, банк өнімдері мен салық заңнамасынан хабардар болуы керек. Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың қаржылық сауаттылық деңгейі 2021 жылы 40%-ға жуықтаған. Жалпы сарапшылардың пайымынша, мамандығына қарамастан, қаржылық сауат негіздерін түсіну, өз бюджетін жоспарлай алу материалдық игілікке ұмтылатын әрбір адам үшін маңызды. Осы орайда, қаржылық сауаттылық дегеніміз не, сауатты болу үшін нені білу керек, оның ел экономикасына әсері, мемлекет тарапынан қолға алынған шаралар және табысты арттыру мен ақша жинау әдістері жөнінде белгілі экономист Мақсат Халықпен сұхбаттастық. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалында. Статистикалық деректерге сүйенсек, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі соңғы үш жыл көлемінде елдегі қаржылық сауаттылық деңгейі 2,82%-ға артқанын айтады. Мәселен, 2018 жылы қаржылық сауат деңгейі 36,25% болған болса, 2020 жылы 39,07%-ды, ал 2021 жылы 4-тоқсанда жүрігізілген әлеуметтік зерттеуге сәйкес, 39,52%-ға жеткен. Агенттіктің болжамынша, осы 2024 жылы бұл көрсеткіш 41%-ға дейін көтерілмек.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin