• 24 ноября, 2024 4:08 пп

Қаржыны басқарудағы жиі жасалатын қателерді жібермеңіз

Автор:admin

Апр 19, 2024

Қаржыны басқарудағы ең кең тараған қателіктер: Кіріс пен шығыстың есебін жүргізбеу. Жеке бухгалтерия кез келген ауқаттылық деңгейінде қажет емес, айырмашылығы шығыстардың егжей-тегжейінің көрсетілу дәрежесінде ғана болуда. Қаржылық мақсаттарды отбасында талқыламау. Сіз белгілеген басымдықты өзіне отбасылық бюджет байланысты болатын адамдардың барлығының қолдап отырғанына көз жеткізіңіз. Бір ғана категория шеңберінде ой толғап отыру: тек сауда белгісіне бола қымбат смартфон сатып алу, төмен бағасына бола сапасыз сервиске келісім беру. Бірден бірнеше категориялар бойынша талдап отырыңыз: мысалы бағасын емес, баға мен сапа қатынасы тұрғысынан бағалап отырыңыз. Ақша жинақтамау. Табысыңыз мұқтажсыз күн көруге жеткен жағдайдың өзінде форс-мажор жағдайына арнап ақшалай қордың болғаны маңызды. Тиімсіз үнем – өз бюджетін пайдалана білмейтін адамның тағы бір белгісі. Қауіпсіз және табысты келешектің кепілі болып табылғандықтан өз ақшасына тұрарлық заттар болады. Оларға өмірді сақтандыру, денсаулықты күту, уақытында медициналық көмекке жүгініп отыру, автокөлік пен техниканы жөндеу, білім алу мен өз-өзін дамытуға ақша жұмсау жатады. Бір сәттік пайдаға алданбаңыз, сатып алып отырған өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің әлеуетін бағалап отырыңыз. Қаржыны сауатты басқару арқылы сіз өз жағдайыңызды толықтай бақылауда ұстай аласыз. Олай деуімсізге де себебіміз бар, өйткені көптеген азаматтарымыз қаржыны тиісті деңгейде басқаруға келген сәтте енжарлық танытып жатады. Міне осы мәселенің алдын – алу үшін әрбір жеке тұлға қаржыны басқаруды тиімді үйреніп алғаны абзал.

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin