• 25 ноября, 2024 11:37 дп

Қаржыны жоспарлап, ұтымды пайдалана алуымыз қажет

Автор:admin

Апр 12, 2024

Статистикаға сәйкес, Қазақстандықтардың 3/1 отбасылық кіріс пен шығысын мұқият есептеп, жүйелі жүргізбейді. Оңды-солды несие алып, қарызданып-қауғаланып төлеуге келгенде шақшадай басы шарадай болып жүргендер жетіп артылады. Елімізде тұтынушылық несие алу рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл халықтың қажеттілігі ме әлде негізсіз несие алғандар көбейген бе?  Иә, шыны керек қазіргі таңда несиесі жоқ адам кемде-кем. Халықтың айлық жалақысынан қарағанда, берешек қарызы көп. Автокөлік, тұрмыстық техника, ұялы телефон, тіпті саяхаттауға несие алу үйреншікті жағдайға айналды. Экономикалық белсенді халықтың саны 10 миллионға жуықтаса, оның ішінде тұрақты жұмыс істейтіндердің саны 4-5 миллионның шамасында. Яғни, шамамен әр адамның басында екі несиеден келеді. Бұл үрдіс әрине жақсы емес. Ай сайын алатын жалақысы қажеттілігін жаппайды, соған сәйкес азаматтар өмір сүру стандартын бір деңгейде сақтап қалу үшін, несиеге жүгінеді. Мәселен, айлығыңыз 100 мың теңге болып, бірақ 500 мың теңгенің айфонын алу, немесе несиеге алу дұрыс емес. Егер, смартфон қандай да бір табыс әкелетін болса онда алуға болады. Ал, ешқандай табыс әкелмесе, несиеге алудың қажеті шамалы. Сондықтан қолда бар қаржыны ұтымды пайдалану үшін, адам өз бюджетін бақылауға алу керек. Қаржыны жоспарлы жұмсап, мақсатты түрде жинаған жөн. Бала кез-келген еңбектің бағаланатынын білген абзал. Ата- аналар балаларды қаржылық сауаттылыққа қалай үйрету керек? Бұл жайында сарапшылар мынадай кеңестерімен бөлісті. – Әлі оң мен солын ажыратып үлгермеген балаға ақша берерде мұқият болған дұрыс. Ұл, қызыңыз оны үнемді пайдаланып, орынды жұмсай білу үшін, қаржылық сауаттылықты кішкентайынан бастап, қалыптастырған жөн. Бүлдіршініңізге қаражатты есепсіз берсеңіз, бұл оның ақшаға құмар болып өсуіне әкелуі мүмкін. Балаға ақшаның оңай келмейтінін түсіндіріп, 1 айлық жалақаңызды қалай жұмсайтыңызды есептеп көрсету керек. Ол кез-келген кірістің өз орнымен жұмсалуын қажет екенін білгені дұрыс. Балаға ақшаны саналы түрде беру керек. Оған түскі асына, жолына деп есепсіз қаржы беру пайдасыз. Мұндай жағдайда бала ақшаны өзі есептеп үйрене алмайды. Апта сайын, немесе айына бір мәрте табыстасаңыз өзі нені, қайда жұмсайтынын пайымдайтын болады. Сол кезде бір айға берген ақшаны, үнемдеп тиімді жұмсайтын болады. Осындай әдіспен ұл, қызыңызға қаржыны үнемдеуді үйрете аласыз.

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin