• 25 ноября, 2024 10:45 пп

Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты

Автор:admin

Июл 14, 2024

Өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп-қисаптар экономикалық категориялар емес, олар аталған – аталған категориялардыіске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақтылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады. Экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудыңпрактикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда жэне оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді. Мемлекеттік борыш және оны басқару. Мемлекеттік несиелеу қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыштүзіледі. Мемлекеттік борыш-бұл алынған және белгілі бір күнде өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы ( олар бойынша есептелген пайыздырды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногіне,қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш болып ажыратылады. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса ) айтады. Ағымдағы борыш-бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin