• 8 сентября, 2024 12:16 дп

Қаржы саласы – экономиканың категориясы

Автор:admin

Июл 26, 2024

Қаржы экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының) іс-әрекетіне негізделеді. Бүгінде еліміздің қаржы секторының алдында үлкен міндеттер тұр. Жұмсалған күш-жігер мен кәсібилік арқылы қалыптасқандар төмендемеуі тиіс. Жүзеге асырылғандарға сүйене отырып, түпкі мақсат – Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиялық мақсатына қарай ілгерілеуіміз қажет. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің қаржы секторын дамытуға байланысты бірқатар жаңа міндеттер қойды және Үкімет пен қаржы органдарына болашаққа арналған қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Оның біріншісі – болашақта отандық қаржы рыногын дамытудың перспективаларын айқындау. Мамандар қаржы секторында қол жеткізген жетістіктерді дамытып әрі нығайта отырып, алдағы уақытта оны асқан жауапкершілікпен ілгері жылжытуы керек. Осыған байланысты Президент Үкіметке және қаржы органдарына қаржы секторын дамыту перспективаларына арналған жаңа Тұжырымдама дайындауды тапсырды. Бұл мәселе Үкіметте бірнеше рет талқыланған, сондай-ақ еліміздің қаржыгерлерінің қарауына ұсынылған болатын. Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламарын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарынын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады. Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы құбылысын қарастырудан оның мәнін – зат болмысының барлық әр алуан нысандарының бірлігін білдіретін оның ішкі мазмұнын зерттеуге көшу қажет. Біздің қаржы секторымыз бұл біздің мақтанышымыз және бәсекеге қабілеттілігіміз. Осыған байланысты өнеркәсіп, құрылыс, экономиканың басқа да салалары бүгінгі күні өзінің тиімділігін көрсетіп отырған Қаржыгерлер қауымдастығының тәжірибесі мен жұмыс тәсілдерін меңгеруі керек. Қазіргі таңда Қаржы секторындағы бәсекелестікті жаңа деңгейге алып шығу – басты мақсатымыз болып табылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin