• 23 ноября, 2024 7:48 дп

Қаржы сауаттылығы: ОТБАСЫЛЫҚ БЮДЖЕТКЕ БАЛА ДА ҮЛЕС ҚОСА АЛАДЫ

Автор:admin

Июл 16, 2023

Егер отбасы шығындарын қадағалауға тырыссаңыз, бірқатар күтпеген деректерге қанығасыз. Бюджетті жоспарлау кезеңі көптеген отбасыларда өмірдің ең басты міндеттері мен мәні екендігін ұғындырады. Әр отбасының қаржылық мүмкіндігі әртүрлі. Егер жасөспірім өз бетімен табыс таппаса, тек ата-анасының берген ақшасын пайдаланса, оның отбасы бюджетіндегі жағдайын пассивті деп айтуға болады. Енді баланың отбасы бюджетін жоспарлауға қалай қатысатынын айтайық. Балаға қалта шығынына ақшаны қай жастан беру керек деген мәселе ерте ме кеш пе, ата-аналарды мазалайды. Ата-аналар жағдайға байланысты баланы өз бетімен ақша табуға тәрбиелеуі тиіс. Мұны өткен нөмірімізде кеңірек айтып өткенбіз. Жасөспірім өз табысының бір бөлігін ата-анасына беріп те отбасының экономикалық өміріне үлес қоса алады. Яғни, бала есейген сайын оны отбасының экономикалық өміріне араластыра бастау қажет. 5-8 жастан бастап, балаларда қаржылық машықты дамыту қажет. Осы кезеңде ақша есебін қалай жүргізу қажет екенін, ақша құндылығы жайында үгіт-насихат жүргізе бастау – маңызды. Қаржылық машықтарды дамытудың бірнеше жаттығуларын ұсынамыз: Үнемдей білу. Қалта ақшаңызды үш қорапқа бөліңіз: «жұмсау», «үнемдеу» және «беру». Нені үнемдеп, нені жинайтыныңызға мән беріңіз. Ата-анаңыздан банктің көмегімен ақша жинауды бастауын өтініңіз. Ақша есебін жүргізе білу. Өзіңіз жинаған, тапқан және апта ішінде жұмсаған ақшаны есепке алуды үйреніңіз. Содан соң алынған сомаларды кестеге жазыңыз. Бұл міндет басқа өздігінен орындалатын машықтарыңызға айналып кетуі қажет және қолайсыз жағдайлар тудырмауы қажет. Өз өміріңіздегі басымдықтарды анықтаңыз және ақшаның қайда кеткенін тұрақты түрде жазып отырыңыз. Бұл жаттығуларды бір-екі жыл аралығында орындаңыз. Үйде жиналған ұсақ тиындарды жинаңыз, оларды санап, белгілі жерге жинаңыз. Өзіңізге алғашқы әмияныңызды сатып алыңыз. Ақша туралы әңгіме айта білу. Ата-анаңызға ақшаның не үшін қажет екені жөнінде айтуын өтініңіз. «Біз мұны алуға мүмкіндігіміз жоқ, бірақ мен ақшамызды басқаша жұмсағым келеді» – деп айтуға ешқашан қорықпаңыз, содан соң оның себептерін түсіндіріңіз. Өз қаражатыңмен өмір сүре білу. Өзіңізге ақшаның бөліну жағдайын ойластырыңыз. Егер сіз қалта шығынына берілген ақшаны мерзімінен бұрын жұмсап қойсаңыз, мәселені өз бетіңізбен шешу әдісін табыңыз. Ақшаның көмегімен әлемді өзгерте білу. Бүкіл отбасыңызбен атап өтетін мейрамда тамақты өз ақшаңыздан төлеп көріңіз. Жаңа жылға өз бетіңізбен жақындарыңызға және құрбы-құрдастарыңызға сыйлықтар дайындаңыз.

Jsk ақпарат

Автор: admin