• 22 сентября, 2024 11:24 пп

Қаржы секторы – Экономиканың дамушы бағыты

Автор:admin

Июл 20, 2024

Қазіргі кезде қаржы секторы экономиканың Қазақстандағы ең жылдам дамушы секторларының бірі. Түркістан облысында экономиканы көтеру мәселесі әрдайым өзекті. Сондықтанда аймақтың қаржы секторына көп көңіл бөлінеді. Қаржылық институттардың қызметін жүзеге асыруы үшін жақсы шарттар жасалынған оның сандық және сапалық көрсеткіштеріне оң әсер ететін құқықтық нормативтік база жетілдірілуде. Бірақ экономикалық сектор өндірістік емес сферадағы қаржылық ресурстарды өндірістік сфераға тиімді бөлу сияқты экономикадағы өз рөлін толықтай атқармай отыр. Бұл объективті және субъективті факторлар негізінде түсіндіріліп отыр. Қаржылық нарық саласында жас мамандар санының жетіспеушілігі республикадағы біркелкі емес дамудың негізгі факторы болып табылады, бұл әсіресе қор нарығына қатысты. Сондықтанда «Қаржы нарығы және делдалдар» курсының басты мақсаты болып қазіргі заманғы қаржылық нарықтағы операциялард ы тиімді басқару методологиясымен маман тындаушыларды меңгеру болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді атқару керек: қаржылық нарықтың қалыптасуы мен қаржылық институттардың қызметін реттейтін заңдылық базаны меңгеру; әртүрлі қаржылық институттарды және олар ұсынатын қызметтер мен қызметтер түрін, баға қалыптастыру әдістерін, басқару стилін, халықаралық және ішкі нарықтардың тиімді қызмет ету стратегияларын меңгеру; — басқа да елдердің қаржылық институттар қызметін меңгеру; — Қазақстанның қаржы нарығы қызметінің ерекшеліктерін ашу; — қаржылық нарықтың мамандандырылған қатысушылары мен қаржылық делдалдардың қызметіне анализ жасау және меңгеру; — қаржылық нарық құралдарының бағыттары мен мүмкіндіктерін меңгеру; — мүмкін тәуекелділіктермен және оның теріс нәтижелерін минимализациялауды бағалу методикасын қаржылық институттармен меңгеру. Курс қаржылық институт екі аспектіде қарастырылатындай етіп жасалынған: тұтынушылар мен олардың қызметтері көзқарасымен және олардың менеджерлерінің көзқарасымен.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin