Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтай барысында ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар бастамаларды көтеріп, ұлт келешегі үшін маңызды қадамдардың жасалар кез келгенін тілге тиек етті. Мемлекет басшысы әділетті Қазақстан құру жолында Заң мен тәртіп басты құндылық екенін де айта кетті.
«Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Біз баршаға және әркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Бұл – әр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз.
Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп. Ал біздің идеологиямыз – қарапайым әрі түсінікті. Бұл – жаһандағы аса күрделі геосаяси ахуалда елімізді жаңа даму деңгейіне көтеру үшін берік негіз қалау деген сөз. Мемлекеттіміздің тағдыры мен ұлтымыздың берекелі өмірі осыған тікелей байланысты»- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.