Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады, деп хабарлайды Jsk.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда; 2023 жылы – Түркістанда; 2024 жылы – Атырауда өтті.