• 14 сентября, 2024 11:00 пп

Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу»

Автор:admin

Авг 29, 2024

2024 жылғы 29 тамыз күні ҚР ПрезидентіӘкімшілігінің Қазақстан халқы АссамблеясыХатшылығы меңгерушісінің орынбасары ҒалымжанМахан мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетініңтөрағасы Ғалым Шойкин бастаған жұмыс тобыШымкент қаласына іссапармен келеді.

Жұмысшы топ сағат 10.00-де Шымкент қаласының «Достық  үйінде» қалалық этномәденибірлестіктер мен этнос көшбасшыларымен «Қағидамызәділдік, тірегімізжауапкершілік, мақсатымызөрлеу» тақырыбында кездеседі.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқыАссамблеясының 33 сесиясы мен Ұлттыққұрылтайдың ІІІ отырысында бергентапсырмалардың  барысын талқылайды жәнеқоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтаубағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайынпысықтайды.

Жиынды қалалық ішкі саясат басқармасыныңбасшысы Айгерім Жұмағұлова жүргізіп, Елордаданарнайы келген жұмыс тобы мүшелерінің сөз сөйлеуіжоспарланған.

Сонымен қатар, қалалық «Ахысқа» түрікэтномәдени бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов, қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрағасыЮрий Пан және қалалық ҚХА төрағасыныңорынбасары Тимур Казьмин Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындап бергенжалпыға ортақ: Тәуелсіздік пен Отаншылдық. Бірлікпен Ынтымақ. Әділдік пен Жауапкершілік. Заң мен Тәртіп. Еңбекқорлық пен Кәсібилік. Жасампаздықпен Жаңашылдық сияқты құндылықтарды халықарасында кеңінен насихаттау бойынша Шымкенттеқабылданған кешенді шаралар туралы баяндайтынболады.

Автор: admin