• 21 ноября, 2024 11:57 дп

Қоғамдық бірлестіктердің қызметі жайында не білеміз?

Автор:admin

Авг 29, 2023

Ия Түркістан облысында қоғамдық бірлестіктер өте көп тіркелген, бірақ белсендісі саусақпен санаулы. Сондықтан да мемлекет әлеуметтік тапсырыстарды көбейту арқылы, белсенді емес қоғамдық ұйымдардың санын көбейтуді жоспарлап отыр. Елімізде ұлттар достығының мызғымас үлгісі қалыптасқан. Биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайтын зайырлы мемлекетте өзге этнос өкілдерінің мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі дамуы үшін барлық мүмкіндік жасалған. Сонымен бірге этномәдени бірлестіктер тұрақтылықты сақтау мақсатында өзара тығыз байланыс орнатып келеді. Осыдан 6 жыл бұрын «Ассамблея жылы» аясында ауданда «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Өзге этнос өкілдерінің ұлттық мүддесін қолдау мақсатында қоғамдық бірлестіктің басым-бағыттары жөнінде бірлестік үйлестірушісі Нұргүл Күдебаевамен сұхбаттасқан едік.

– Нұргүл Нұрланқызы, аудан көлемінде тұратын этнос өкілдерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Ауданда этнобағыт бойынша атқарылатын жұмыстар жөнінде айтып берсеңіз?

– Қырық мыңға жуық аудан халқы бір-бірімен тату-тәтті тығыз байланыс орнатып, құндылықтар көкжиегін кеңейтуде. Өзге этнос өкілдері бір үйдің баласындай мызғымас бірліктің арқасында салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын көпшілікке танытуда. Ассамблея жұмысына үн қосқан «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігінің мүшелері қай кезде де белсенділігінен тайған емес. Қоғамдық бірлестік құрамында көптеген этнос өкілдері бар.

Аталған бірлестіктің жұмысын жандандыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы аудан әкімі мен аудандық мәслихатқа «Түрлі этнос өкілдері арасында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы ұсынылған болатын. Атқарушы билік тарапынан ұсынысымыз қолдау тапты. Ауқымды жоба тұрақты түрде мемлекеттік тапсырыс негізінде аудандық бюджеттен қаржыландырылып келеді. Арнайы бөлінген қаражат шеңберінде өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен қайырымдылық акциялары, мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырудамыз. Мәселен, «Достық – ең басты байлық» тақырыбында шығармалар байқауы, «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында үлгілі отбасылармен кездесу, «Ұлттың қуаты тілінде» тақырыбында интеллектуалдық сайыс, «Қазақстан – Республикам менің!» тақырыбында патриоттық әндер байқауы, «Достық дастарханы» атты ұлттық тағамдарды әзірлеуден шеберлік сыныптары, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы, Татулығым – бірлігімнің айғағы» атты концерттерді ұйымдастыру жоспарымызда бар.

– Ауданда өзге этнос өкілдері арасында белсенді азаматтар қатары жеткілікті. Талантымен танылған өзге этнос өкілдері жөнінде не айтасыз?

– Аудандық «Достық үйінде» өзге этнос өкілдері жиі бас қосып тұрады. Біз белсенді этнос өкілдері арасында «Достық» деп аталатын вокалды ансамбль құрдық. Ансамбль құрамында елімізге танымал Констатин Луца, Никита Мясцов сынды әншілеріміз бар. «Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір» ансамбль мүшелерінің жан-жақты өнерінің арқасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыра алдық. Талантымен танылған жастарымыз аудан мерейін асыруда. Жастар мен қоғамның белсенді мүшелерінің өнерін насихаттау негізінде бірнеше іс-шара өткізген болатынбыз. Өткен жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әл Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы аясында этнос өкілдері жастары арасында мәнерлеп оқудан онлайн сайыс өтті. «1 маусым – халықаралық балаларды қорғау» күнінде этнос өкілдері балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында құттықтау сөздер айтылып, бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды. Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл толуына орай этнос өкілдері арасында патриоттық ән айтудан онлайн байқау, «Отбасы күніне» орай отбасылық эстафета болды. Сайысқа украин, орыс, татар ұлтының отбасылары қатысты.

– Әлемді әбігерге салған пандемия уақытында жергілікті халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында қоғамның барлық мүшелері үн қосуда. Өз кезегінде қоғамдық бірлестік тарапынан қайырымдылық акциялары өткізілді ме?

– Бүгінде коронавирус инфекциясының таралуы ауданда өршіп тұрғаны белгілі. Еліміздегі жағдайға байланысты «Достығымыз жарасқан» қоғамдық бірлестігі көптеген отбасылардың күнкөріс табыстары тоқтап, жұмыссыз үйде отырып қалған уақытта көпшілікке қол ұшын созды. Бұл ретте, «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, кент орталығындағы этнос өкілдерінің аз қамтамасыз етілген отбасыларына арналған қайырымдылық акциясы өтті. Акция барысында 7 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді. Қоғамдық бірлестік – ортақ мақсатқа жету үшін, мысалы саяси партиялар, кәсіби одақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері үшін еркін негізде құрылған азаматтар бірлестігі.

Қоғамдық бірлестіктер саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау, азаматтардың белсенділігі мен қызметін дамыту; кәсіби және қызығушылық мүдделерін қанағаттандыру; ғылыми, техникалық және әдеби шығармашылығын дамыту; адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау; қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылық іс-шараларына қатысу; мәдени-ағартушылық, спорт-сауықтыру іс-шаралар жүргізу; тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау; патриоттық және гуманистік тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту мақсатында құрылады.

Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының он адамнан аз емес азаматтары тобының бастамасымен, құрылтайшылар съезін (конференция, жиналыс) шақыра отырып құрылуы мүмкін. Сол жиында Жарғысы қабылданып, басқарушы органдары қалыптасады.

Заңды тұлға ретінде қоғамдық бірлестік құру үшін:

1) он азамат-бастамашылардың құрылтай жиналысын өткізу;

2) жарғы бекіту керек.

Қоғамдық бірлестік жарғысы мыналарды қарастыруы қажет:

1) қоғамдық бірлестіктің атауы, мәні және мақсаты;

2) мүшелік, мүшелікке кіру және шығу талаптары мен тәртібі, қоғамдық бірлестік мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;

3) қоғамдық бірлестіктің ұйымдық құрылымы, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктер) құқықтық жағдайы мен өз қызметін жүзеге асыратын аумақтары;

4) құзіретін қалыптастыру тәртібі және басқарушы органдардың өкілеттік мерзімдері, қоғамдық бірлестіктің тұрақты әрекет етуші басшылық органының орналасқан жері;

5) қоғамдық бірлестіктің ақшалай қаражаты және өзге де мүліктерін қалыптастыру көздері, қоғамдық бірлестіктің және оның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктері) мүлікті басқарудағы құқықтары;

6) қоғамдық бірлестік жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

7) қоғамдық бірлестікті қайта ұйымдастыру және жою, жойылған жағдайда қоғамдық бірлестік мүлкінің тағдырын шешу тәртібі.

Жарғы қабылдау, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы – съездің (конференция, жиналыстың) тікелей құзіретіне жатады.

Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін тіркеу жүргізетін органға ол қалыптасқаннан кейін екі ай мерзімінде өтініш беріледі. Өтінішке жарғы, жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференция, жиналыс) хаттамасы, қоғамдық бірлестікті құрушылар туралы мәліметтер және қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттар, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алынатын жинақты төлеуі тиіс.

Мемлекеттік тіркеу үшін 20 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алынады (2011 жылдың 1 қаңтарына арналған АЕК – 1 512 теңге). Балалар және жастар қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін төлемнің жеңілдетілген мөлшері екі еселік АЕК белгіленген.

Қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік тіркеу мерзімі – 10 жұмыс күні.

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын талап етті.

1991 жылы 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдары, 2002 жылы «Саяси партиялар туралы» заңы қабылданды.

Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», «Қазақстанның социал-демократиялық партиясы», «Қазақстанның социалистік партиясы», «Қазақстанның республикалық партиясы» және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.

Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени саланың біреуіне байланысты көзқарастарын білдіретін бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады.

1980 жылдардың аяғына қарай Қазақ КСР-де демократиялық процестің жандауына байланысты қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О. Сүлейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.

1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қазақстанда бұдан басқа «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.

1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстардың біршамасы әлсіз және қалыптасу кезеңінде болды. «Невада-Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.

1990 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыргүйекте Орал қаласында казактар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын тойлату туралы шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың үлкен дәлелі болды.

«Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды.

1998 жылғы қарашада «Ақ жол» қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты – президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру.

2001 жылғы қарашада «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды.

1995 жылы 1 наурызда Қазақстан президентінің Жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, көпэтносты, көпконфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып есептелді. Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйым, 68 әртүрлі қор тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.

Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастар мен демократияландыруды дамытуға үлес қосады, халықтың саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Тезистер

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын талап етті.

1991 жылы 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдары, 2002 жылы «Саяси партиялар туралы» заңы қабылданды.

Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», «Қазақстанның социал-демократиялық партиясы», «Қазақстанның социалистік партиясы», «Қазақстанның республикалық партиясы» және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.

Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени саланың біреуіне байланысты көзқарастарын білдіретін бірлестіктер.

1980 жылдардың аяғына қарай Қазақ КСР-де демократиялық процестің жандауына байланысты қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О. Сүлейменов болды.

Қозғалыс төрағасы О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды.

Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.

1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды.

Қазақстанда бұдан басқа «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.

1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді.

1990 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды.

1998 жылғы қарашада «Ақ жол» қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты – президент саяси бағытын қолдау, «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру.

2001 жылы қарашада «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды.

Қазақстан халқы ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып құрылды.

Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйым, 68 әртүрлі қор тіркеуге алынды.

1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.

Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастар мен демократияландыруды дамытуға үлес қосады, халықтың саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin